Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Астанада «Каллиграфия күндері» атты көрме өтуде...

02.02.2016 3999

Астанада «Каллиграфия күндері» атты көрме өтуде

Астанада «Каллиграфия күндері» атты көрме өтуде - adebiportal.kz

2016 жылдың 2-3 ақпанында "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығында Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығының ұйымдастыруымен хаткер- каллиграф Мухаррем Гөкшеннің «Астанада Құснихат және каллиграфия күндері» атты көрмесі өтуде. 

Каллиграфия күндері.jpg

2 күн жалғасатын көрмеде өнерсүйер қауымның назарына Мухаррем Гөкшеннің 34 жұмысы ұсынылатын болады. Көрменің ашылуынан кейін Мухаррем Гөкшен құснихат бойынша шеберлік сабағын өткізеді.


Астанада Құснихат және каллиграфия күндері4.jpg


Хаткер -каллиграф Мухаррем Гөкшен - 1980 жылы Түркияның Чорум қаласында дүниеге келген. Университет қабырғаларында көркем жазу сабақтарын алып, өнер жолына қадам басқан. 2007 жылы суретші- каллиграф Туран Севгилиден «сүліс» жазуынан дәріс алған. 2008 жылы каллиграф Махмут Шахиннен «сүліс», «насх» жазу түрі бойынша дәріс алуды жалғастырған. 2012 жылы аталған көркем жазу түрлерінен диплом алған. Стамбұл қаласындағы кәсіптік көркем сурет курстарына қатысып каллиграфия өнерінен сертификат алды. Түркияда жеке көрмелері өтті.


Астанада Құснихат және каллиграфия күндері0.jpg


«Құснихат» (көркем жазу өнері) – «сұлулық, әдемілік, көркемдік» деген мағынаны беретін араб тіліндегі «хұсн» сөзінен енген. Каллиграфия–«әсемділік» мағынасын беретін грек тілінің «kallos» сөзінен енген. Араб әріптерімен жазылатын, меңгерілуі қиын, негізінен нақыштау мақсатымен мешіттерде, аят және діни кітаптарда қолданылатын белгілі ережелері бар бейнелеу өнерінің бір түрі. «Құснихат» өнерін каллиграфия өнерімен жиі шатастырады. Екі өнердің ортақ тұсы көркем жазу болып табылады. Ал «құснихаттың» араб әріптерімен жазылуы, меңгерілуі мен орындалуы аса қиын болуы -каллиграфия өнерінен басты айырмашылығы. Сонымен қатар каллиграфия - бұл латын әріптермен көркем жазу өнері болып табылады.


Астанада Құснихат және каллиграфия күндері1.jpg


Көрмелері

Ыстамбұл: «Эйюп Сұлтан» көрмесі

Күтахия: «Әскер жанұяларына жәрдем» көрмесі

Битлис: «Әскер жанұяларына жәрдем» көрмесі

Битлис: PMYO жеке көрмеcі.


Астанада Құснихат және каллиграфия күндері.jpg


Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар