Әдебиеттi ешкiм мақтаныш үшiн жазбайды, ол мiнезден туады, ұлтының қажетiн өтейдi сөйтiп...
Ахмет Байтұрсынұлы
Басты бет
Әдеби үдеріс
ЖАҢАЛЫҚТАР
Неміс әдебиеті: Нобель сыйлығының лауреаттары...

15.06.2015 10466

Неміс әдебиеті: Нобель сыйлығының лауреаттары

Неміс әдебиеті: Нобель сыйлығының лауреаттары - adebiportal.kz



Ежелгі неміс әдебиеті VIII ғасырда  пайда болғаннан бастап күні бүгінге дейін әлем әдебиетінің дамуына өзіндік үлесін қосып келеді. 
Неміс әдебиетінің алғашқы көрнекті өкілдері – И.В. Гете мен И.Ф. Шиллер.
Иоганн Вольфганг Гете – неміс әдебиетінің негізін қалаушы, Ол бір ғана «Фауст» трагедиясында өмір проблемаларын философиялық түсіндіруге тырысты. 
Иоганн Фридрих Шиллер – ақын, драматург, «Дон Карлос», «Мария Стюарт» трагедияларының, «Вильгельм Телль» драмасының авторы. Халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең беделдісі – Нобель сыйлығын әдебиет аталымы бойынша иеленген неміс ақын-жазушыларын назарларыңызға ұсынамыз.  






heyse_paul_03.jpg



Пауль Йоханн Людвиг фон Хейзе  неміс ақыны, прозашы, новеллашы. Әдебиет аталымы бойынша 1910 жылғы Нобель сыйлығының иегері. Авторға айтулы сыйлық әлемге танымал новеллалардың авторы атануы жолындағы әсемдігі, идеализмі үшін берілген.





скачанные файлы.jpg




Томас Манн – неміс жазушы-романшысы. Эсселері Л.Н.Толстой, 3.Фрейд, И.В.Гёте, Ф.Ницше, А.П.Чехов Және Ф.Шиллер сияқты тұлғаларға арналған. 1929 жылы әдебит бойынша Нобель сыйлығына ие болды. Атаққа ие болған "Будденброки" романы үшін қазіргі кезде әлем классикасының атағына ие болған. 





2hSmK8_43lQ.jpg



Герман Гессе – неміс-швейцар жазушысы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қатыгездіктерін әшкерелеген, фашизмге дәйекті қарсы болып, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бейбіт әлем мәдениетін негіздеу жолында қыруар қызмет атқарған. Жазушыға Нобель сыйлығы гуманизмде байқалатын классикалық мұратқа ие шығармалары үшін берілген. 




sachs.jpg




Нелли Закс  неміс ақын әйелі. Нобель сыйлығы 1966 жылы авторға үздік лирикалық және драмалық шығармаларында еврей халқының тұрмысын сипаттағаны үшін берілген. 





Heinrich_Boell_Portraet.jpg


Генрих Белль  неміс жазушысы. неміс жазушысы, аудармашы, 1972 жылғы Нобель сыйлығының иегері. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Оның шығармалары 1947 жылдан бастап жарық көреді. Алғашқы шығармаларының қатарына «Пойыз уақытылы келеді» (1949) атты повесі, «Жиһангез, Спа-ға қашан келесің» (1950) атты әңгімелер жинағы және «Адам, сен қайда болдың?» (1951, орысша аудармасы 1962) атты романы жатады. 1950 жылы «Топ 47» атты топтың мүшесі болады. 1967 жылы Георг Бюхнер атындағы сыйлықтың иегері атанады. Берлин қаласында оған арнап тұрғызылған ескерткіш бар.




grass.jpg


Гюнтер Грасс – неміс жазушысы. 1999 жылы Нобель сыйлығының иегері атанады. Оның тұңғыш романы «Қаңылтыр дабыл» деген атпен жарық көреді. Осы романы үшін «Топ 47» атындағы сыйлыққа ие болады. Романның желісімен 1979 жылы режиссёр Фолькер Шлёндорф фильм түсіреді. Бұл фильм Канн кинофестивалінде басты сыйлыққа ие болады, сондай-ақ үздік шетелдік фильм ретінде «Оскар» сыйлығын алады. «Мысық пен тышқан» атты екінші романы екінші дүниежүзілік соғысты бейнелеген.



02.jpg



Герта Мюллер  неміс жазушы әйелі. 1953 жылы Румынияның неміс тілді қаласында дүниеге келген. Германия жазушысы  2009  жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын жеңіп алды. Ең жарқын туындыларының бірі "Everything I possess I carry with me" деп аталады.





adebiportal.kz

Біздің Telegram-парақшамызға жазылыңыздар! Бізбен бірге болыңыз!


Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Adebiportal.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. adebiportal@gmail.com 8(7172) 57 60 14 (ішкі - 1060)

Мақала авторының көзқарасы редакцияның көзқарасын білдірмейді.


Көп оқылғандар