Home
/
Blogs
/
PROSE
/
Әлем әдебиетінен аудармалар

Әлем әдебиетінен аудармалар

08.05.2026 20

ҚАНЕ СЕНІМЕН КЕЗДЕСЕЙІК ТҮСІМДЕ...

 

Кездесу бұйырмаса  өңімде

Сенімен кездесейік түсімде.

Толқынменен сүйкімді жүзіп келсін,

Маған қарай әдемі  махаббатың сенің.

Бір сәтке болса да кірші түсіме

Біздің өмір өтіп жатыр жүгіріспенен.

Сен менің жоқтығыма үйренгенсің

Ал мен болсам үйренбегем.

Түсімде менің жұлдызым жанып тұрды,

Сол бір салқын күзде сөнген.

Сол  қырсық бізді айырған қатты ұйқыда

Бүкіл әлем  толды мейірім мен жарыққа

Түсімде арадағы көпірлер өртенбеген

Ащы, өкпелі, ренішті сөздерден

Қуаныш өзендей тасып, сен жанымдасың

Бұрынғыдай көңілді, сау, бақыттысың.

Қане кездесейік сенімен түсімде

Мен білемін өте алмаймыз тағдырдан

Бізге жауап берсінші саған маған

Неге онда бір бірімізбен табыстырған.

Қане  кездесейік сенімен түсімде

Сен жақсы көретін шайды демдейін де.

Отырайық үндемей екеуімізде

Тоқта, асықпа, жоқ болып кетпешіде.

Қане  кездесейік сенімен түсімде

Тағы өзімді  көргім келгені де,

Сенің бір кезде жақын болған көздеріңнің

Мөп-мөлдір тұңғиық тереңінде.

Қане кездесейік сенімен түсімде,

Өмір сүруге болады күйген жүрекпен,

Ойнауға болады шекте кенет үзілген,

Мүлде ұмытуға болады өткенді де.

Қане кездесейік сенімен түсімде

Бәрін басынан бастауға болмаса да

Есітші мені алыста жүрсең де,

Мен күтемін, мен күте аламын да.

Роберт Рожденственский. Давай встретимся во сне.

 

 

Бәрі уақытша... бұл өмірде бәрі уақытша...

Ал өмір күннен күнге өтіп жатыр тыныш қана

Өмір сүреміз білмейміз берілгенін бізге қанша

Және осы не үшін өмір сүреміз деген сұраққа да...

Біз жоспарлар жасаймыз, болашақты ойлаймыз,

Жауапта іздейміз, өмірдің мәні неде,

Біз толқындардың арасында қайық сияқтымыз,

Өз жолын табуға тырысқан ұшан теңізде ...

Ал өмір өтіп жатыр өлшеулі, бірқалыпта

Сұрақ көп, бірақ бір жауап айтылады

Бәрі уақытша, бұл өмірде бәрі уақытша,

Бәрі өтеді: өмір азабы мен қыс суығы...

Махаббат ойлағандай болмас, өтер тезде,

Ішіңде сызаттар ғана қалдырып,

Біз қазір өмір сүреміз, жер бетінде

Уақытша қонаққа келген сияқты болып...

 

Ирина Расшивалова. Все временно в этой жизни.

 

 

ӨМІРДІҢ МӘНІ ТУРАЛЫ».

- Сенің өміріңнің мәні неде? – деп менен сұрады.

- Бақытыңды қайдан көріп тұрсың, айтшы?

– Ұрыста, – деп жауап бердім мен, – қарсы шірікке,

Және қақтығыстарда, – деп қостым мен, – қарсы өтірікке!

Менің ойымша, жердегі әрбір жамандықта,

Мейлі қалай болса да бәрібір өтірік жасырылады.

Ұятсыз және қатыгездіктің бәрінде,

Ол, әрине, пышақ сияқты жылтырайды.

Өйткені, адамды қинайтынның бәрі,

Дүниенің барлық сұмдығы, этаждар сияқты,

Әрқашан дөрекілікпен көтеріледі,

Мәңгілік өтіріктердің ортақ негізінде.

Міне, осыдан мен өз мақсатымды көремін,

Менің әрбір өлеңіммен онымен күресу үшін,

Арсыздықтың тікенді мұзымен күресіп,

Сатқындықпен, арсыздықпен, қара зұлымдықпен,

Мен қатты жек көретін барлық нәрселермен!

Және мен қалаймын менің жазғандарым

Ақымақ құлақтарды ашса екен,

Құрғаған жандарды сүргімен жонса екен

Өмірге дейін, кішкентай өркенге дейін!

Бос тұманға сенетін адамдар бар,

Армандайды, бақыт көңілді және оңай да,

Олардың қасына отырып, аяқтарын салбыратып:

Дегендей: -Міне, мен келдім, мені ал да сал қалтаңа!

Әх, олар білсе ғой бақыттың мүлде басқа екенін,

Биіктерге тұншыққанда,

Сен адамдарға кенеттен бере аласың.

Олар көмек пен қолдауға зәру болғанда,

Онда сенің еңбегің де, арманың да біріктірілген!

Жолда жүргенде де бақыт бар,

Сен қыста өзендегідей қиыншылықта,

Біреуді құтқаруға асығасың

Оларға иық беріп, оларды қауіптен құтқаруға.

Және сонда менің сенімім мен өмірім.

Және өткінші уақыт дүбірінде,

Ашық, жасырмай қосамын,

Мен бұл дүниеде әлі бақыттымын

Әйелдің махаббаты пен жүрек жылуынан...

Күресіп, бекерге ақылдысынбай

Бүкіл жаным мен жүрегімді жазуыма салып,

Мен барлық тіршілік иелеріне деген сүйіспеншілікке толымын:

Күнге, ағаштарға, кез келген күшікке,

Құс үшін және әрбір бұта үшін!

Және оларға мен керекпін деп қуанып,

Мен қарлы борандарға түкірдім де, алға баса бердім.

Қайғыдан жеңіске дейін, әр кезеңнен өтіп!

Егер мен кейде тік еңістен құлап кетсем,

Мен барыс сияқты төрт аяғыммен құладым.

Және қайтадан көтеріліп, шайқасқа шықтым.

Бұл менің өмірім және менің иелігім:

Сүйемін, жек көремін, ұрысамын, қалжыңдаймын.

Бірақ мен басқаша қалай өмір сүруді білмеймін,

Және, басқаша мен қаламаймын!

Асадов Эдуард. "О смысле жизни".

 

ЭДУАРД АСАДОВ. «МАҒАН АДАМДАРДАҒЫ ЖАМАНДЫҚ КЕЗДЕСКЕНДЕ...»

Адамдарда жаман нәрселерді кездестірсем,

Мен өзімді сендіруге тырысамын.

Бұл жасандылық шығар деп қолдан істелген

Бұл жай сәйкестік, мүмкін мен қателесемін.

Және осындай ойларды растау үшінде,

Мен ұрысуды қойып, тырысамын сенуге,

Өтірікші үлкен арманшыл болуы да мүмкін,

Ол ұятсыз солай болған шығар қысылғаннан

Менің босағамды аттаған өсекші,

Мүмкін ақымақтықтан айтып салған болар

Бір кездері қиыншылықта көмектеспеген дос,

Маған опасыздық жасамаған,

тек сол кезде абдырап қалған болар.

Мен қиыншылықтардан қорықпаймын,

Қанаттың астына да тығылмаймын.

Бұл басқа стандарттармен өлшенуі керек секілді,

Тіпті сенгім келмейді зұлымдыққа,

Ал арамдыққа мүлде сенгім келмейді!

Сондықтан кездестіріп арамдық пен зұлымдықты,

Көбінесе ерікті -еріксіз тырысасың

Өз жан дүниеңмен,

оларды түзете алатын сияқтысың

Және жай ғана «өңдеуге», дұрыстауға талпынасың.

Бірақ фактілер мен уақыт ешбір ұсақ-түйек емес.

Кейде жаныңды қанша зорласаң да,

Бірақ шірікті жасыру мүмкін емес

Есектің құлағы сияқты, қанша жасырсаң да!

Өйткені, мойындауым керек, арамдықтың

Мен өмірімде біразын кездестірдім.

Қанша жақсы үмітім үзілді,

Ал қаншама достарымды осылай жоғалттым!

Сонда да мен сенуден бас тартпаймын,

Кез келген сапардың басында қажет нәрсе

Жақсылықпен, жақсылықпен және тек жақсылықпен,

Сенімді өлшемі бар адамдарға бару қажет

Қателер болсын (бұл оңай емес),

Бірақ сен бақытты боласың қаншалықты,

Бұл өлшем қандай биіктікке негізделеді?

Жүз есе бай болатын адамға!

Арсыздар балалар сияқты аянышты күбірлесін,

Нәзік нәрсе дейді олар - жүректерді...

Мен сенбеймін!

Мәңгілік достық, ал махаббат соңына дейін!

Олар әлемде бар және өмір сүреді

Ал менің жүрегім маған айтады: Ізден және әрекет қыл,

Бірақ алдын ала ұмытпа бір нәрсені.

Сен өз өлшемдеріңе сай өмір сүрсең,

Қалғанының бәрі, көресің өзі келеді!

 аударма: Ералы Есимов-Астана.

Leave a comment: