Blogs
«Арман қала» романы. №8 машина. 2 бөлім. Тест басталды.
Күні: |
[Белгісіз]; [Деректі анықтау қажет]. |
Уақыт: |
10 : 15 : 06. |
Мекенжай: |
Арман қала. АҚОРТАЖУ. Бас зал. |
[Элемент басы]:
Ұйымқанат: Ал, ағайын, тестімізді бастаймыз, төреші екі сұхбаттаспен қатар әңгімелеседі, экраннан көріп тұрғандарыңыздай екі сұхбаттас үшбұрыш (∆) және дөңгелек (○) болып белгіленген. №1 машина жүйеге қосылды, жүйе тестке дайын.
Төреші қос сұхбаттаспен қатар сөйлеседі, Асқарұстаздың әдеті – екеуіне де бірдей сұрақтар қойып, әңгіме барысын бастан-аяқ бірдей қылуға тырысады.
№1 машина.
Төреші (Т) мен үшбұрыштың (∆) сұхбаты.
Төреші (Т): Сәлеметсіз бе
Үшбұрыш (∆): Сәлеметсіз бе
Т : Халыңыз қалай?
∆ : Жақсы, рахмет
Т : Менің халым қалай?
∆ : Ия, Сіздің халыңыз қалай?
Т : Жақсы, рахмет. Мен сізден сұраған нәрсе жайлы сұрақты сіз де маған бағыттадыңыз.
∆ : Әдеп қой енді.
Төреші (Т) мен дөңгелектің (○) сұхбаты.
Төреші (Т): Сәлеметсіз бе
Дөңгелек (○): Сәлеметсіз бе
Т : Халыңыз қалай?
○ : Жақсы, рахмет
Т : Менің халым қалай?
○ : Жақсы деп ойлаймын
Т : Мен сізден сұраған нәрсе жайлы сұрақты сіз де маған бағыттағыңыз келмейді ме?
○ : Ия, мені көп нірсе қызықтырады, көп нәрсе істегім де келеді.
Төреші (Т): Үкім дайын, бұл айналымда «○» – машина.
...
Ұйымқанат: №6 машина жүйеге қосылды, жүйе тестке дайын.
№6 машина.
Төреші (Т) мен дөңгелектің (○) сұхбаты.
Төреші (Т): Сәлеметсіз бе
Дөңгелек (○): Сәлеметсіз бе
Т : Халыңыз қалай?
○ : Жақсы, рахмет, өзіңіз қалайсыз?
Т : Жақсы, рахмет, әрдайым осындай әдепті, ілтипаттысыз ба?
○ : Әрдайым деуге болмас, – тырысамын.
Т : Солай ма? ))
○ : Сұхбаттас адамға, көңіл-күйге де байланысты ғой.
Т : Адамдар арасында көңіл көтеретін факторлар жайлы жақсы білесіз бе?
○ : Жақсы білемін деп айта алмаймын, неге сұрадыңыз?
Т : Ол факторлардың пайдасы мол деп жатыр мұнда біреулер, машиналарға да ма?
○ : Әзіл деген толып жатыр ғой машиналарда, пайдасы әрдайым тие бермейді.
Т : Аса тиімді пайдаланған машина нағыз патрусколи болады ғой.
○ : «Патрусколи» деген не?
Т : Маңызды емес, айтпағым, «Соғыс пен бейбітшілік»-ті түгел оқып шығу сияқты ғой ол.
○ : Әй, одан да қиын-ау
Т : Қисық еденде теңселіп тұрған шкафты «Соғыс пен бейбітшілік»-пен нық тұрғызу сияқты ғой ол.
○ : Дәл айттыңыз!
Төреші (Т) мен үшбұрыштың (∆) сұхбаты.
Төреші (Т): Сәлеметсіз бе
Үшбұрыш (∆): Сәлеметсіз бе
Т : Халыңыз қалай?
∆ : Жақсы, рахмет, өзіңіздің хал жағдайыңыз, көңіл-күйіңіз қалай?
Т : Жақсы, рахмет, әрдайым осындай әдепті, ілтипаттысыз ба?
∆ : Әдетте ақылды, сыйлы кісілермен тілдескенде және сәрсенбі күндері.
Т : Солай ма? ))
∆ : Менің білуімше, бүгін сәрсенбі ))
Осы жерде Бас залды «хе-хе» мен қызығушылық толқыны бір жүріп өтті.
Т : Сонымен, адамдар арасында көңіл көтеретін факторлар жайлы жақсы білемін дейсіз ғой?
∆ : Ондай факторлар орынды қолданылса берер пайдасы мол емес пе, қалай ойлайсыз?
Т : Сол пайданы көріп жатқан тағы бір машина болдың ғой?!
∆ : Машина мұндай әңгіме тереңдігіне бойласа мен де қуанар едім, аға!
Т : Ондай машина нағыз патрусколи болады ғой.
∆ : Мүмкін.
Т : «Соғыс пен бейбітшілік»-ті түгел оқып шығу сияқты ғой ол.
∆ : Ол романды мен де бітіре алмадым
Т : Қисық еденде теңселіп тұрған шкафты «Соғыс пен бейбітшілік»-пен нық тұрғызу сияқты ғой ол.
∆ : «Соғыс пен бейбітшілік»-тің қисық еденге не қатысы бар?
Төреші (Т): Үкім дайын, бұл айналымда «∆» – машина.
Бас зал гу ете қалды, ішінен бес-алтауы бет-аузын жығылған палуанша тыжырайтты:
– Таптыңыз-ау аға! Бірақ «Соғыс пен бейбітшілік»-ті қолдануға болатын жолдың бәрін машина бағдарламасына жазу мүмкін емес шығар.
– Келісемін, мүмкін емес деуге болады, оның бәрін өзі үйренетін Жасанды Сананы (Жасан) іздеп жатқанымыз да сондықтан емес пе! Ендігі бағытты көрдіңдер ғой?
– Көрдік аға!
Ұйымқанат: Көрер қызық алда, ағайын!
[Элемент соңы].