Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
БӘЛЕ ҚАЙДАН ДЕМЕ

Blogs

20.07.2017
6741

БӘЛЕ ҚАЙДАН ДЕМЕ

БӘЛЕ ҚАЙДАН ДЕМЕ

 

Енді қозғала бергенде қалта телефоным шырылдап қоя берді.

  • Қайдасың? Тез жет! Жеңгең әл үстінде жатыр!
  • Не болды?! Түсіндірші!
  • Басы жарылды!

«Таңертеңнен қақиып, елді енді жинағанда мына ағанікі қызық болды ғой!» Кісілерім де: «Таксистерде ұят жоқ!» деп, бұрқылдап жатыр. Машинамды бір дар еткізіп, ағаның үйіне зырладым. «Басын ағамыз жарса, ғұмырында бір ерлік жасаған екен!» деп қоям ішімнен.

Аула сыртынан тосып алды. Менімен ішке ермеді. Үйден сұңқылдаған әйел дауысы шығады. «Қайран жеңгем жүріп кеткен болды ғой! Дауыс салсам ба екен?» Төргі бөлмеге өттім. Басы-көзі қанға бөгіп, диванда жеңгем отыр.

  • Жақындама маған, өңкей...!!!

Емханаға апарып, басының жыртығын тіктіріп, өй-гөймен үйге қайта әкелдік. Ағамыз өзінің басы жарылғаннан жаман, бетінде қан-сөл жоқ. Не болғанын ақыры  айтты. Жеңгеміз электр қуатын есептегіштің жүрісін баяулататын әдісті естігелі ағамыздың құлағынан маза кетіпті. Жұмысынан қойдың асығындай бір магнит әкеп береді. Сөйтсе, көрші әйелдің күйеуі ірі қараның асығындайын тауып беріпті. Күнде құлақ етін жей берген соң, ағамыз да сондайды жер астынан болса да тауып әкеледі. Ағамыздан бойшаң және етженділеу жеңгеміз тасыраңдап, орындыққа өзі шығады. Магнитті есептегішке қоймақ болып қолын созғанда, бұрынғы тұрған кішкене магнит бұған қарғиды. Аттан, ойбай! Жеті балл жер сілкінісі!!!  

Сонымен елге ілесіп ашкөзденем деген жеңгеміз, өстіп аяқ-асты дертті болып, неше ай жарыққа төлейтін тиын-тебенді қайран ғып дәріге жұмсады. Ал өзі өле-өлгенше сүйекке таңба болар «Жарықбас қатын» атанды...

 


Share:      
Leave a comment: