Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
Елордада «Сөзбиі-тетралогия» атты кітаптың тұсаукесері өтті

Blogs

11.01.2020
4226

Елордада «Сөзбиі-тетралогия» атты кітаптың тұсаукесері өтті

Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын әрі аудармашы Төрегелді  Рахманбердіұлы Тұяқбайдың «Сөзбиі-тетралогия» (мың бір сөзбиі кітабы) кітабының тұсаукесері және «Айттым сәлем» атты поэзиялық-музыкалық кеш болып өтті. 

 

Аталмыш кітап Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналып шығарылып отыр.

 

Масатшы ақын Төрегелді Тұяқбай оқырмандарға өзінің «Бастау», «Өз көзіммен», «Қарлы құйын», «Орман аңызы», «Жан дауысы», «Сүймегендер сағынбайды» атты поэзия кітаптарымен және көркем аударма туындыларымен жақсы таныс. Өлеңдері бірнеше тілге аударылған ақынның 1992 жылы «Снежны чалавек» атты кітабы белорус тілінде жарық көрген.

 

Автордың төрт кітаптан тұратын «Төрт тоғыс» атты сөзбиі-тетралогиясы  – оның тынымсыз ізденісі арқасында дүниеге келген тың туындысы. «Сөзбиінсіз көңілі көншімеген, ақын емен, жырау да, әнші де емен: масатшылық өнерге құлаш ұрдым, масатым бар менің де еншілеген!» деп жазады ол. Сөзбиінің пішіні мен мазмұнының сонылығын былай қойғанның өзінде, ақынның алдына қойған мақсаты дәстүрлі поэзия ауқымынан асып түсетін тәрізді.

 

Ақынның масат өнеріне поэзия аясынан бөлек қарауы тегін болмаса керек. Сөзбиі түйдектерін оқып отырғанда оның ішкі иірім, ырғақ-ұйқастарының өзі-ақ оқырманды еріксіз әуез-әуенге, мәнер-мақамға, саз-күйге жетелей бастайтындай. Ақынның: «Саз-күйі ме алдымен сөзбиі ме?» дейтіні де сондықтан.

 

Т.Тұяқбай 1955  жылдың   1 қаңтарында Түркістан (Оңтүстік Қазақстан) облысы Ордабасы (Бөген) ауданы Ынтымақ ауылында (қазіргі Шымкент қаласында) дүниеге келген. Алғашқы өлеңдері он үш жасынан бастап газеттерде жариялана бастаған.

 

Сонымен бірге, автор А. Лихановтың «Күн тұтылған күн», О. Оразбердыеваның «Өмірімнің таңғы шағы» повестерін, В. Лукшаның «Жарқырап жаз келді», «Бастау» атты өлеңдер кітаптарын, неміс тілінен И.В. Гетенің «Батыс-шығыс жинағы» кітабын аударып, көптеген  шетел ақын-жазушыларын қазақ тілінде сөйлеткен. Бірқатар әдеби, көркем шығармалар конкурстарының жүлдегері. Өлеңдері бірнеше шетел тіліне аударылған.

 

Ақын – сондай-ақ, бірқатар ән-күйлердің, оперетта-мюзиклдердің де авторы. Ғылыми-зерттеу жұмыстарымен де айналысады. Ол аясаттану ғылымдарының кандидаты (PhD). Бірнеше мемлекеттік наградалармен  марапатталған. 


Share:      
Leave a comment: