Кең далада өсіп-өнген ел едік
***
Хан жайлауда хақ нұрына кенеліп,
Кең далада өсіп-өнген ел едік.
Кешіп келем сол әлемнің шаттығын,
Өсіп келем шапағатқа бөленіп.
Іздей жүріп ізгіліктің нұр-жолын,
Өрге қадам басып келем күнбе-күн.
Арман таудың асқарына шықпасам,
Онда менің бекер өмір сүргенім.
Биік болсам емін-еркін самғаймын,
Биік болса көк пен жерді жалғаймын.
Алаулаған тағдырымның шуағы,
Ән-жырымды Отаныма арнаймын!
