Blogs
Қазақ баспасөзінің тарихынан
Бейсенбай Кенжебаевтың «Қазақ бапасөзінің тарихынан» атты кітабындағы «Айқап» журналы турасында
«Айқап журналы» Бұл 1911 жылдың январынан 1915 жылдың авгусына дейін Тройцк қаласында шығып тұрды. Алғашқы жылы айына бір рет, басқа жылдары айына екі рет шықты. Осы уақыт ішінде барлығы 89 саны шықты. Көлемі бір, бір жарым, екі, екі жарым, баспа табақ болды.
«Айқаптың» тиражы жөнінде мәлімет таба алмадық. Бірақ, сөз жоқ, «Айқап» бір қос көп тарады, қазақ даласының барлық жеріне тарады. Әйгілі, беделді журнал болды.
«Айқап» журналының шығарушысы да, редакторы да белгілі ақын, жазушы Мухамбетжан Сералин (1872-1929) болды. Ол әркімнен пайда серік ретімен пай жыйнап, қарызға ақша алып, журналдың әуелгі сандарын сонымен шығарды. Кейін журнал өз қаржысымен шығып тұрды. Оған жәрдем көрсетушілерде болды. Алайда, журналдың қаржысы мол, жеткілікті болды деуге болмайды. Ол қаржысының тапшылығынан кейде шағын көлемді болып шығып жүрді. Тоқтағанда да қаржысының жоқтығынан тоқтады.
«Айқап» журналында әр кезде хатшы, қызметкер, хабаршы болып Спандияр Көбеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Жиһанша Сейдалин, Әкрам Ғалимов істеді. «Айқап» журналына қазақтың сол кездегі оқығандары, түрлі оқу орындарындағы оқытушылар мен жастары, хат білген адамдары тегіс қатынасты. Солардың ішінен үзбей жазып, журналға қалам көмегін біріп тұрғандар: Сәбит Дөнентаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Нұржан Наушабаев, Бекет Өтетілеуов, Мұхамбетсәлім Кәшимов, Күләйім Өтегенова, Бекмухамет Серкебаев,Сахипжамал Тілеубаева болды.
Журнал өзінің аты, мақсаты туралы 1911 жылғы бірінші санында былай деп түсінік берді: «Айқап деген сөз қазақтың төл сөзі. Ол ғасырлар бойы мәдениеттен, білімнен кенже қалған бүкіл қазақ халқының өкінген бейнесі ретінде алынды. Ай, қап! деп санымызды соқтық. Енді ел қатарына қосылайық деген үнді білдіреді» деді.
Кітап 1950 жылы Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік Баспасынан жарық көрген және 38 бетті құрайды.