Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЮНЕСКО-НЫҢ «ӘЛЕМ ЖАДЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

Blogs

07.11.2017
6782

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЮНЕСКО-НЫҢ «ӘЛЕМ ЖАДЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҰЛТТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЮНЕСКО-НЫҢ  «ӘЛЕМ ЖАДЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША  ҰЛТТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

   Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Әлем жады» бағдарламасы аясында ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комитетінің кезекті отырысы болып өтті.

    Кезекті отырысқа ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі,Александр Гаркавец, ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілі – Динара Изановa, Ұлттық кітапхананың бас директоры – Жанат Сейдуманов, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссияның мүшелері және т.б. өңір кітапханаларының басшылары мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

         Кездесудің күн тәртібіндегі басты мәселе - ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу үшін ҚР 2018-2019 жж. цикліне ұсынылған өтініштерді талқылау басты негізде болды.

Талқылануға ұсынылған құнды да тарихи маңызды деп төмендегі тақырыптар ортаға салынды, олар:

1. Сталиндік репрессия кезеңіндегі КСРО НКВД лагерьлерінің тарихы,  КарЛАГ, СтепЛАГ, ПесчанЛАГ, АЛЖИР туралы мәліметтер;

2. Жеке тұлғалардың мұрағаттары: Абай Құнанбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, М.О. Әуезов, Қ.И. Сатпаев.

3. «Бабалар сөзі»: Жүзтомдық/Әдебиет және өнер институты.- Астана: Фолиант,2009.

         Отырыс барысында алғашқы баяндаманы ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, ҚР Парламентінің Мәжілісінің депутаты, з.ғ.д., профессор – Н.О. Дулатбеков «Сталиндік репрессия кезеңінің, КСРО НКВД лагерьлерінің тарихы: ҚарЛАГ, СтепЛАГ, ПесчанЛАГ, АЛЖИР» туралы құнды мәліметтермен бөлісіті:

  • Мен Қарлаг маңында өстім, есейе келе сол жерге маңайға қатысты суреттерді жинай бастадым. Уақыт өте келе музей аштық, бүгінде міне 30-дан астам кітап шығарыппыз. Тағы тоқталу керек дүние осыдан 4 жыл бұрын Испанияның елшілері келді, біз тарихқа терең үңіліп, айтып бердік, соның нәтижесі болса керек кино түсірді. Біз үшін үлкен жетістік. Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдері де мемлекеттің бір мүшесі. Бәрімізге тарих ортақ, оны танып білу үлкен жетістік. Сондықтан да мұндай ауқымды тақырыптарды жіті қолға алып, келер ұрпаққа ұсынуымыз қажет.

Келесі баяндаманы Ф.ғ.д. профессор, ҚР ҰҒА академигі – Ғ. Есім:

  • Үлкен ауқымды тақырыптар, сіздерше соның бірі Нұра өзенінің жағасы турасында айтуды эөн көріп тұрмын. Себебі, Нұра өзенінің бойында үлкен қала болған. Өз заманында 1,5 миллион адам келіп кетіп отырған. Терең үңілсек тарих. Соны қарап, дұрыстап ЮНЕСКО-ға өткізуіміз керек.

 

Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі:

  • Тақырып Әлем жады десе, бекер еместі, себебі халық жады. Үлкен жобалар ұсынылып отыр. ЮНЕСКО-ның Түркияда өткен жиынында үлкен мәселе талқыланып, 2015 жылы бізден Айман Мұсаходжаева бастап 200 адам кезекті жиынға барды. ЮНЕСКО-ның штаб пәтерінде болды. Бастапқыда 1500 адамдық залды қалай толтырамыз деген қорқыныш болды, Қорқыт атаның қобызына скрипка қосып Айман Мұсаходжаевамен 130 адам қосыла тартқанда зал толып, 2 сағат адамдар тұрып тұрды. Сонда скрипканың қобыздан шыққандығын ұғынды. Ұлытауда Әмір Темір, Жошы хан, Ақсақ құдандар бар. Қазақ ертегілері болса да, аңыз болса да, шынайы. Бізге ауыз әдебиеті арқылы фольклор арқылы жетті. Сондықтан да Бабалар сөзі 100 томдығы әлемдік фольклорға, ұлттық кодқа жататын құнды дүние. Біздің 1000 жылдық тарихымыз.  Репрессия кезеңін де қолдаймын. Ел-елді аралап мәдени мұраларды іздесек, жинасақ. Жапондықтар келіп ауыз әдебиетін жинап кетті. Өзіміз бейхабармыз. Сондай құнды дүниелерді жинап, ЮНЕСКО-ға ұсынсақ нұр үстіне нұр болар еді.

         Отырыс барысында өңірлерден келген кітапхана басшылары да өз ұсыныстарын ортаға салды. «Әлем жады» бағдарламасы аясында ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының отырысы барысында елдегі құжаттық мұралардың болуы мен Қазақстан Республикасының ең құнды және сирек кездесетін құжаттық мұрасын анықтап, оның тереңдетіп зерттелуін қадағалайды.

   Нәтижесінде бұл тізімдер мекемелердегі сирек жарияланымдар мен басқа да құжаттық артефактілерге мониторинг жүргізу үшін қажет. Ұлттық Комитетке ҚР өтінімдердің берілуі мен дайындалу механизмін жүзеге асыруға, Ұлттық, Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің және Бүкіләлемдік тізімдерін жасауға, сондай-ақ, Бірыңғай Ұлттық каталог құру үшін маңызды.


Share:      
Leave a comment: