Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
PROSE
Шарасыз құрбандар

Blogs

04.12.2017
5173

Шарасыз құрбандар

Шарасыз құрбандар

Шарасыз құрбандар

Гляжу на будущность с боязнью,

Гляжу на прошлое с тоской

И как преступник перед казнью

Ищу кругом души родной...

Михаил Юрьевич Лермонтов

         Айдың аманында жылаған баланың дауысы төңіректі тік тұрғызардай. Бала қолын жұлқып жатқан ананың амалы құрып тұр-ау, сірә! Үні өшкір көнейін демейді. Анасы амалсыздан сырты томпиған ақ дорбаға қолын салды. Баланың көзі ана қолымен бірге кірді. Қолға ілінгені бір дана көк кәмпит. Күлген бала, тыншыған құлақ.

        Төртінші қабаттағы аурухана дәлізінің терезсінен демалыс ауласындағы мына жайтқа қарап отырған Айдана біз өмір сүріп жатқан планетаның келешегі жоқтығына ызалы күйде. Екі қадам басу үшін бір қадамың құрбан болуы керек. Біз туылғалы осындаймыз, өлгенге дейін де осы. Бір-бірлерімізді құрбандық еткізуіміз үшін жүрміз. Тығырықтан шығар жолымыз тек құрбандықпен. Бала кезімізден-ақ сансыз нүктелерді жинап аламыз да есейгенде леп белгісін іздейміз. Ал жиналған нүктелеріміз ол кезде көп нүктелерге айналып кетеді. Біз әлбетте шарасыздардан боламыз. Барар жерің, басар тауың ең құрығанда мұңыңды шағар жан болмағанда соншалықты кең дүниені тар етеміз. Себебі шарасыз болу біздер үшін ғана.

       Жолдың арғы бетіне өтіп, аялдамада автобус күтіп тұрған әлгі ана мен баладан көз жазбай отырған Айдананың осы ойларын аянышты көздерінен ыршып шыққан көз жасы бұзып жіберді. Аурухана дәлізінде тоқ-тоқ еткен медбике жүрісінен шыққан дыбыс қандай суық еді! Әрбір қадам, әрбір дыбыс Айдананың алқымынан алып зәрусіз ызаға булықтырады.  Өз өзін, түзде қанша қашса да орманына жете алмай бір шұңқырдың ішінде төбесінен он екінші калибрлі аңшы винтовкасы төніп тұрған аңдай сезінеді. Бір сұмдықты сезсе де амалы жоқ. Құрбан өзі. Зәресін зәр түбіне түсірген ақ халатты қара ой алдынан өтіп кетіп, кабинет есігін тарс жапты. Тым-тырс. Тек жоғарыдағы желдеткіштер ауаны арлы-берлы айдап, Айдананың жаңбыр суына малшынған шаштарын әрең қимылдатады. Осы кезде үстінен малмандай су екенін есіне түсірді. Артынша саусақтары дірілдеп, алдына түскен шашының бір ұшын сипап қойды. Әзім! – деді жыламсырап.

****

        Соңғы үш жылдың ішінде өмірдің сәл кемтар тұсы кезіксе болды Әзім есіне түседі. Құдай қосқан Әзімі міне үшінші жыл өмірден бақилық болған. Шиттей қызымен жалғыз қалған ана осы күнге дейін елдің өзін аяйтынына шыдап келеді. Аяғанына шыдады дегені жан-жағынан жалмаңдаған еркек көп, бәрінің де пиғылы бір, арам. Дереу іші-бауырына кіріп кетуге дайын тұрады. Әлмисақта уәде еткен азғын өз дегенін өткізгісі келіп тұрғаны тұрған. Айдананың бойы бұндай пәлелерге үйреніп те кеткен. Қай кезде де көңіліне алмастан жымиятын да қоятын. Ал оңашада отырып тағдыр құрғырды сабап жылап алатын . Кейде түн жамылып төсекке симай таң атқызатын. Жанға батқан жара мен тәнін жеген бір тылсым бұ қызды өзінің Әзімімен естімес керең, көрмес зайғип қылды. Алғашқы қосылған қосағы, тәні мен жанының иесі, сырласы Әзімді әркез сағынып жүреді. Айдананың батпандай арқалаған ауыр қайғысын тәй-тәй басып алдынан ана деп жүгіріп шығатын жалғыз қызы Аружан ғана жеңілдетуші. Аурухана іші күңіреніп тұр.

            — кешіріңіз, сізге көмек керек пе?

       Мені аяушы тағы да біреу ме? Мына шыққан еркек дауысы оны қатты ызаландырып,  жоқ  дегізді. Артына бұрылған ол бұл жолы құлағына сіңіп кеткен осы сөздің авторы дәрігер екенін көрді. Лезде ықшамды үнмен «Кешірім өтінем, жоқ» , - деп жауап берді. Дәрігері жөнімен жүре берді.

       Жасаураған көздері шарасына сүңгіп кеткендей қабағы тым ісіңкі, бет әлпеті жүдеу. Аурухана исі мұрынын жарып барады. Түрлі дәрі-дәрмек пен спирт сіңген қабырғалардан жас әйел жаны қысылмасқа тағы шарасыз. Тағы да шарасыздық па? Жоқ, ол терезені ашты. Даланы тұман басып кетіпті. Көше үн-түнсіз тына қалған. Жаңағы жауып өткен жаңбырмен қала көліктері келісіп алғандай, ізім-ғайым жоқ. Анда-санда ғана тұман арасынан бір жарық көрініп, ызылдап өте шығады. Таң шапағымен қосыла ән салатын әнші құстардың үйіне айналған анау қара талдың қабыршықтары жауын ізінен жұпыны күйі жарыққа шағылысады. Жел кел қашан келіп алған?! Алатаудың салқын лебі ақ жүзін өбіп тұр. Тереземен аймаласатын жауын сулары әлде қашан таусылған. Аспанның өңі қашып кетіпті. Сәл күнде көктем шығады. Жер қарайып көк көзге шағылып қалған. Әйтсе де әр әр жерде бүрісіп-бүрісіп қыстың қолтаңбасы жатыр. Әне олар – жол жиегінде. Адам таптады, жауын таптады. Содан қалғаны осылар. Сыртқа шықпай-ақ көктем жақындағанын сездіреді. Бірақ даланы зіл басып тұр. Айдана өзін өмір мен өлім арпалысының арасын тамашалап тұрған көрермендей сезінді. Біреу өліп барады, жанайқайы шықпастан, үнсіз. Ол – қыс. Қыстың қары қимастықпен өлуде. Көктем көнбей жеңіп барады. Тастада тұрған Алатау да бір көрермен. Ол баласын жұбатады. Мен сені мәңгі сақтаймын дегендей. Айдана мұны жақсы түсінді. Алатауда қар атаулы өлген бе?! Айдананың ішінде жылт еткен мынау не? Үміт пе? Үміт қой. Үміт ең жақсы дәрігер деуші еді, шайтан болмаса бір үміті тұтанғандай болды. Сан саққа салып жаңалы бері жанын жегідей жеген ойды туғызған сол аула енді үміт сыйлап тұр. Мүмкін бәрі жақсы болып кетер. Ол келер күнін сүйгісі келіп тұрды. Мынау титтей ғана үміт оны келер күнге асықтырды. Қуанғанын жасыра алмаған еріндері жымың тартып тұрғандай. Ал мүмкін ... Енді Айдананы 1917 жылғы ақтармен соғысында орыс жерін кезген Троцкидің оқ өтпейтін бронды поездынан да ауыр-ау бір мұң басып қалды. Әйел жаны бала секілді тыншымайтын сұрақтардан жаралған. Әззәлда Хауа ананың ойы әлсіздік танытқаны осыдан ба екен?  Енді ол отыра кетіп, ойға шомды.

****

        Әзім дүниеден өткелі Айдана қызымен бірге төркінінде тұрып жатты. Елдің құлағы елу. Ей, бишара, үрімдей қызымен қиын ғой! – деп алақанына алған елі бұл екеуін бауырына басқан. Аружан бірге толып, емшектен шыққанда Айдана үйде қалсам тамақтарыңа серік боламын, мен ендігі тіршілік қылайын. Жұмыс істеп, дүниемді түгелдейін, қалаға барсам қайтеді деген ұсынысын ата-анасы кері қайтара алмай жалғыз жүріп қайтсын оған да қиын ғой деп оның қалаға барғанын құп көрген. Шынында Айдананың бар ойы мына елге күйік болудан қорқу. Оның өткенін білетін өңшең жатып семірген ойнас пен арақ құмар мына пәлелерден аулақ болсам деп еді. Алыстағы Боранды артта қалып,  Алматы есігін айқара ашты. Толған айдай күн сағаты толысқан әппақ жүзі ақша қардай келіскен бар сұлулығын бойына жинап, басқан қадамы бойын көрсете сылқым қаққан келіншекке жұмысқа орналасу түк емес-ті. Қаланың сауда орталықтарының біріне жұмысқа кірді. Бар ойы Аружаны. Сол қызды бақсамшы қақсам, өсірсем екен. Осылай нан қуған күні түніне, түні күніне жалғасты. Арасында ауылға барып қызын ойыншық пен киімге көміп қайтатын. Арада бірнеше жылдар өтсе де Айдананың жанындағы еркек ұғымы Әзіммен бірге қара жер қойнауына көмілгендей көрінді. Бүгін ол күндегідей жұмысына ерте келіп, сауда орталығының ішкі тазалығын тексеріп жүр. Бәрі орнында секілді. Кіре беріс, ортаңғы, төргі зал бәрі монтаздай таза. Түнгі ауысымдағы тазалаушылар жұмыстарына пысық болған екен. Әдетте залдың тазалық қызметінде жастары алқымынан ала бастаған үлкен әйелдер болатын. Олар жеген нандарына адал. Оған шүбә жоқ. Айдана ол кісілерді ерекше құрмет тұтатын. Осы аналардың бірі өзі секілді сор маңдайдың баласын бағып жатқан шығар деп іші жылитын. Сәлима апа осы аналардың ішіндегі генералы. Үш күн бұрын Айданаға «Әй қызым, бір інім бар еді. Сол бала бос жүр, жұмыс болса бастығыңа айта көрші. Бүйтіп жүре берсе құритын түрі бар деп өтініп кеткен». Айдана бастығымен сөйлесіп келсін деген рұқсатын алған. Бұларға күзетшілер кадры жетіспей тұрған кезі. Сол күн міне бүгін. Айдана кабинетінде қағаз қарап отырған. Темір есік сыпайы тоқылдайды. «Иә, кіре беріңіз!». Есік ашылып, ар жағынан «Әй қызым, сәләматсың ба?!».  Сәлима апа ғой. Қасындағы... Өз көзіне өзі сенер емес.

  • Ерген?
  • Айдана?

Ерген дегені Сәлима апаның әлгі айтқан інісі.

  • Әй қарақтарым, сендер бір-біріңді танисыңдар ма? О, жаратқан! Жер бетін мұнша тар қыларсың ба?!

        Шымкент  жастар орталығындағы конференциялардың бірінде әңгімелес болып, дәм-тұздары жараса кеткен, сонау студенттік жылдарда бір көргеннен-ақ ойларымен ұғысқан екі жас қонақ үйден бір күнге бөлінген бөлмелерінде түнемей, сол маңдағы Ордабасы саябағында қыдырып, сол саябақта сезімдеріне серт беріскен. Бірақ тағдыр ойынын қызықтырғысы келіп, бір аптаның ішінде бірде-бір хат алысып үлгермей Айдананы Әзім алып қашып кеткен. Тағдыр ойынын одан сайын қызықтырып, сонымен көріскендері міне осы.

       «Ескі құрбымен бірге жұмыс істейтін болдым» ,- деп Ерген қуана-қуана орналасты. Құрғыр қаншадан бері сәті түсер емес. Оңаша кез олардан дәйім қашады. Ең құрығанда бір отырып, сөйлесер күн тумады-ау! Ерген өзін күн де жейді.

       «Әй Ерген, сені кезіктірем деп ойлаппын ба?! Менің есімдегі Ерген мұндай емес еді ғой. Бір отырып сөйлескім келетінін білсең ше, құдай-ау! Мені көргенде неге қызара кетесің? Бастық деп ойлап жүрсің бе? Мен Айданамын ғой». Айдана да әлегі шығып жүр. Екеуін ынтықтырған күндері сынаптай сырғып, таусылар кезі де жақын.

     Адамның ең үлкен досы да, жауы да ой. Осы уақыт аралығында бір-біріне деген жағымды ойлары ынтық етіп, баяғы берген сертті тірілтіп алғандай болды. Екеуі де сол сәттердің дұрыс пен бұрысын аңғара алмай күн кешті. Сенбі күнгі жұмыстарын тапсырған екеуі киім ауыстыратын қарама-қарсы бөлмелердің есіктерінен бір уақытта шығып, бетпе-бет тұрып қалды. Қос жанар, қарап тұр.

  • Сен әдемі болып кетіпсің.

       Айдана төмен қарап қымсынады. Қыз күніндегі қылығы жібермеген екен. Іле-шала:

  • Сен жұмыс күніңді аяқтадың ба, -деді Айдана ауызына сөз түспей. Кейде саналы адамдар, біздер, баланың күлкілі әрекетін қыламыз. Әрине оңашаларда.
  • Иә, сен де аяқтадың ба?

         Айдана басын изеді.

  • Жүр бірге қайтайық.

        Біріне-бірі айтарлары өте көп адамдар үн-түнсіз көше фонарларының астында жүріп келеді. Қонаев даңғылы екіге бөлініп кетті. Қонаев және Қазыбек би көшелерінде қиылысқан жол, бірін Қазыбек бидің батыс, екіншісін шығысына қарай жөнелтті. Бұл сәтсіз серуен аяқсыз қалған екеуінің ойары, бәрі-бәрі де ынтықпауға шара қалдырмады. Шарасыздық па?

****

         Айдананың ұйқысы бұзылғалы қай заман. Ерген жайлы ойларын түн баласы түнге ұрлатып, күндіз күлкіден айырылды. Әрбір жасалған қадам құрбандығынсыз болмасын ол әсте сезеді. Бір жағынан Аружанын әкесіз өсіргісі келмейді. Есі кіріп, маған кештеу кездескен жанды ертең өгейсінбесіне кім кепіл?! Аружанға әке, өзіне серік еткісі келген Ергені өткенін білсе не болмақ?! Не болса да уақыттың еншісіне деп жылы жаба салды. Бірақ Ергенді көре қалса болды, дірілдеп қала бергені. Біз кейде өз ойларымыздың да құрбаны боламыз. Қарапайым көйлекті бұл сауыт, ол оқ өткізбейді деп санамызға құйып аламыз. Ол шынында да жұмыс істейді. Сонда біз оны құрбанымыз.

        Ерген мен Айдана табысқалы біршама уақыт өтті. Күздің соңғы айында жарасқан екеуі қосылғаннан бергі өмірлерінде жауған алғашқы қарға қарап тұр. Мына аспан екеуіне ғана жауып тұрғандай, мәз- майрам! «Тұңғыш президент саябағы» Алматыдағы ең жас саябақ. Оның құрылуы көз алдарында өтті. Ашылуын бірге тамашалаған. Міне сол баяғы алыс Шымкент ,«Ордабасы» саябағындағы сол бір түн еске түседі.

  • Айдана, мен сені сүйемін!
  • Мен де сені.

         Дәл сол түн, сол түндегі сөздер. Қар жамылған түнде тәні мен жаны жаурағандар. Серуен біткен соң екеуі Ергеннің үйінде түнеді.

****

  • Қыз, әй қыз-ау, терезені ашып қойып өлгелі жүрсің ба? Даланың суығы болса анау, өзің тоңып қалыпсың ғой.

       Айдана тәтті ойларымен әлек болып өзі ашқан аурухана терезесін жабуды ұмытып кетіпті. Бұған сөйлеп тұрған қария жастағы күзетші атай.

       «Мы смотрели друг-другу в глаза: я видел – себя, а она – себя. XIX ғасырдағы поляк жазушысы Станислав Лежи Лецтің 1957 жылы жарық көрген «Непричесанные мысле» атты жинағындағы мына сөзі еске түседі. Шынында адамзат баласы махаббаттың алдында тағы да шарасыз, қауқарсыз. Бірақ Махаббат деген ұғым рухани күшке айналмаса ол махаббат емес. Ол жолындағыны жайпап өте алмас. Ләззат ұғымы ше? Ләззатта уақытша. Ләззаттың да уақытша екенін біле тұра біз сорлылар шарасыз ләззаттанамыз. Айдана атайға қарап «Рахмет!» деп ілтипатпен жауап қайтарды.

  • Әй сен өзі біраз болды ғой отырғаныңа, не қылған жансың? Мұндай қайдан жүрсің? Күзетші атай бір түрлі таңырқаулы. Айдана ақ плащының қалтасынан бір жапырақ қағаз бен қалам алды да жаза бастады.

        «Ата, мен оборт жасатқалы жатырмын» деп жазылған қағазды көрсете тізерлей жылай кетті. Бұл сұмдық сөзді ауызбен айтуға дәті шыдамаған шығар. Барар жерің, басар тауың ең құрығанда мұңыңды шағар жан болмағанда соншалықты кең дүниені тар етеміз. Себебі шарасыз болу біздер үшін ғана. Сол шерімен атайға бар мұңын жайып салды.Әйел жанының баладай мейірімге үйір екені , жылы сөздің құрбаны болып кете беретіні бұлда бір табиғатынан болар .

  • Содан мен жүкіт болдым. Бұл хабарды Ергенге айтуға асыққанымды айтып жеткізе алсам ше. Оның қуанғанын тезірек көргім келді. Алып ұшып барғанымда Ерген бұныма мүлде қуанған жоқ. Екеуіміз қосыларда өткенімді жасырмадым , бәрін айттым. Ол, егер үйленсек Аружанды да әкеліп аламыз деп сөз берген. Ал мына хабардан кейін айтқандары мүлде ақылыма қонар емес. Мен соншалықты жауыз адамға абыройымды бергенім бе?! Екеуіміз үйленеміз деді ол, бірақ сен менің үйіме өткен өміріңсіз қадам басасың, Аружанды ұмытасың. Ел алдында маған абырой керек, сонша жыл бойдақ жүріп тапқаның осы ма дейтін іріген сөз шіріген ауыздан шығары сөзсіз. Ал егер келіспесең баланы алдыртасың. Көшеден бала тапты деген атақ саған да керек емес болар деді.
  •  Оны жек көремін. Атай , айтшы енді не істеймін? Көз жасын көл қылған Айдана атайдың тізесіне басын қойды, ішінде жанып жатқан өрт сөйлетер емес. Әлсін-әлсін кейінгі дауыспен ғана:
  •  Аружанды қайтем? Өз қамым деп кетіп қалар болсам ертең қызым өсіп бір тұтам өтірігімді бетіме баспай ма? Ол мені танып қалған, әр барғанымда мама деп жүгіріп шығады. Қазір ішімдегі баланы сақтап қалам десем, Аружанның алдында айуан болғаным ба? Одан бас тартып қалай тірі жүрем? Қызымнан баз кешпей ,әлі дүние есігін де көрмеген ішімдегі сәбиімді қалай өлтірем? Өз нәрестемді өз қолыммен өлтіремін бе, ата? Кімді ?кім үшін құрбан етем? Құдай-ай, өзімді өзім құрбан ететін басқа бір нұсқа болсаң ше?

          Әсте тығырыққа тірелген кезде біздің дене мүшелеріміз, ой саналарымыз сау болып тұрса да, жүректеріміз құр қарап отыруды сұрайды. Неге?

  • Қызым-ау, сен жылама. Әлі бар өмірің алда ғой. Өрімдей қызсың. Неге сонша қайғырасың? Сен бері қара, мені тыңда, қарағым. Ергенмен хабарлас. Ақсақалымнан аттамаймын десең айтқанымды бір істеші. Болмаса сенің дегенің болсын. Онымен жолық. Сүйтте айт: Мен түсік жасаттым де. Бір гәп сонда болар. Қызым, есіңде болсын: тас құлыпталған есіктер болмайды, дұрыс таңдалмаған кілттер болады. Осыны жадыңнан шығарма. Атай Айданаға ақылын айтып шығарып салды.

         Ерген мен Айдана ертесі күні «Тағам» асханасына түскі асқа баруға келісті. Ерген Айдананың бұл біздің соңғы кездесуіміз деген сөзіне бола келді. Міне олар кездесті. Неткен суық жанарлар!

  • Айдана, тыңдашы.
  • Жоқ, Ерген, мені тыңда! Кеше түсімде айдында жүзіп жүрген қос аққуды көрдім. Мына жұмыр жер бетіндегі махаббаттың символын сол деп білеміз, өне бойында әйтеуір бір жасушасы барлардың қатарынан мейірім соған жауыпты. Олар нендей бақытты жаратылыс иесі еді! Жөнімен-ақ жүрген оларды көзіміз шала қалса, осы әріп ойымызға сап ете қалатыны несі екен?! М.  Махаббат дейді ішіміз, иә, жүректер айтады. Миллиардтардың жанынан орын тартып алардай нендей қасиеттері бар екен. Жер бетінде сан мың тіршілік иесі бар ғой, неге біз адамдар осы бір ғана әріпті айтамыз? Неге айтқызушылардан болмадық екен а? Махаббаттың символы неге біз емеспіз, олар жай ғана құс емес па? Оларға берілген үнсіз сезім, бізде жоғын ай! Аққулардың бойындағы кіршіксіз пәктік біздің бойымызда болғанда ғой. Әуелете ұшып бара жатқан қанат біткеннің бәрі жұп-жұп болып жарасып жүрген біздерді көріп қанаттарын қимай сермеп, төбемізден қызыға қалықтап өтер ма еді? Немесе ақ айдындар, көктің төсі, ғалам біткен бізге сүйсіне қарап, осыларға алғысымыз деп, қазір біз оларға жаяр құшақты бізге жаяр ма еді? Ал біз, адамдар, иә, иә біздер, біз болсақ тура сол аққулардай бір-бірімізге сүйсіне қарап, жер кезіп жүре берер ма едік? Жүрек үңгірлерінен жарыққа жол тапқан бұл сөздер, Айдананың өзін одан сайын мұңайтып жіберіп
  •  Кешір, Ерген. Мен баламды алып тастадым- деп жылап жіберді.
  • Иә,Айдана, мен сен үшін ең жауыз адам болармын, оның дұрыста шығар. Бірақ шынай жауыз сен екенсің. Өз баласын сүймеген ана мені қалай сүйсін?! Туған сәбиін өлтірген адам, тоқташы әй ол адам емес қой ендігі. Сен мені бұрынғы Ерген емес деп ойлағаныңның жөні де барда. Екеуіміз бір ғана кезіккен жандармыз. Ол кездегі кіршіксіз Айдана сол қалпында ма? Бұл жылдар сенің санаңа қалай әсер еткен? Менің білгім келгені осы. Мен саған өтірік айттым. Мен сені сынадым. Сенің кім екеніңді көргім келді. Ызаға булыққан Ерген студенттік жылдарындағы тәп-тәтті сүйкімдісінің өз жүрегінде еріп бара жатқанына қатты қынжылды. Бәрі бітті.

        Асхана ішінде қараң-құраң қанша көп болғанымен олардың ыру-дыру дауыстары бұ екеуінің құлағына дарымады да .  

         Кенет Айдана:

  • Аллаға шүкір! Аллаға шүкір! Аллаға шүкір! - деп көз жасын сүртті.

Біз өз тағдырымыздың иесі емеспіз. Тағыдырымызды өзіміз басқара алмаймыз. Бірақ бұл сөзді минут сайын қайталай берсек біздер өмір сүруден қалар едік.

Абзацтар арасындағы шарасыздық авторда да болады. 

Share:      
Leave a comment: