Today's Birthdays
Nobody writes the literature for a pride, it borns from the character, also it satisfies the needs of nation...
Akhmet Baitursynuly
Home
Blogs
ESSAY
Жолда қалып қойған түн

Blogs

14.12.2017
6863

Жолда қалып қойған түн

Жолда қалып қойған түн

Жетінші желтоқсан. Қара кештің қараңғысы түсіп қалған. Қарағандыдан Астанаға аттанамын деп орталық-əмбебап-дүкеннің (ЦУМ)-ның жанына келдім. Əдетте үйіліп жүретін көліктер бұл жолы жоқтың қасы. 
Тағатсызданып, бір көлікке отырдым. Астанадағы үйіңе дейін жеткізіп саламыз деген еді. Бірақ бағасы қымбаттау. Алғашқы клиенті мен едім. Менен кейін адам келмейтіні анық еді, себебі бағасы ойға қонымсыз дəрежеде қымбат еді. Тек плюсы - елордадағы қалаған нүктеңе жеткізіп салатыны. Күдер үзе бастаған соң жүргізушіден жүксалғышқа салып қойған заттарымды шығарып алуымды сұрадым. 
Дəл сол арада əдеттегі отырып жүрген Astra қалааралық көлігі келіп қалды. Бағасы да бұрынғысынша. Ішінде екі əйел кісі: анасы мен қызы болса керек. Сосын мені отырғызды. Астананың Встреча дейтін жеріне бару үшін келістік. Екі мың теңгесін төлеп те қойдым. 
Жолдамыз. Алда отырған орыс-қазақша аралас сөйлейтін жүргізуші сексенінші жылдардың əндерін қойып қойды. Жанымда отырған өзіммен қатарлы қыздың анасы үшін де жақсы болып көрінді-ау... 
Бірде ұйықтап, бірде əуеннен оянып кетіп, əйтеуір, Астана деген жазуы бар жол жиегіндегі қаданың жанынан өттік. Аздап жүрген соң алдағы жүргізуші: -Парень, встречаға осы жерден тридцать четыре идет, ты жди маршрут, и до встречи доедешь,- деді. -Не себеп?-деп бұзылып тұрған келісімнің себебін сұрадым. -Меня по 'джыпыэс' направляют на аэропорт,- деді. Не де болса маманы болып тұрған соң бір нəрсені біліп айтып тұрған шығар деп түсіп қалдым. Қолымда ертеңгі іс-шараға киермін деген киімдер салынған қытайдың қара-ала сөмкесі бар.
Аялдама. Анамның қоңырауы келді. Қысқа ғана əңгімеде өзімнің 2ГИС-пен жететінімді айттым. Қысқа қайырмайын десем мынадай айдаладағы қолым үсіп қалардай күй кештім. Айналамда ештеңе жоқ: тек бір дəмхана, көшедегі шамдар жəне жазық дала. Тағы не бар деп ойлайсыз? Тағы бары - ұшы-қиыры жоқ сайын, жазық дала! Айдаладамын. Демімді бір ентігіп ішке тарттым да, Алладан сабыр сұрадым. Көңілде ауыр күдік, қатты күрсініс бар. Бір кезде анамнан тағы қоңырау келді де, таксимен жетіп алу керек жайлы ой қосылды. 
Көшеден көлік тоқтатуға кірістім. Жеті көлік қатарынан жоғары басымды жылдамдықпен өте шықты. Келесі көліктер тобы оооу көз ұшында көрініп тұр. Ол топ келер дегенше анамнан тағы бір қоңырау келді: Такси жоқ болса өзім барамын, орныңды анықтап жібер деді. Əуре еткім келмейтінін алға қойып, ол ойдан да бас тарттым. Телефон тұтқасын өшіре сала, қолымды көтеріп көлік тосуға кірістім. Үш көлік өтіп кетіп, төртінші көлік тоқтауға ыңғайланды. Оң жаққа жанып-өшіп тұрған сары шамы көңіліме сəл де бір жақсы үміт сыйлай алды! Бірақ аздап күдік те бар. Себебі Шымкент жақта көшеден көлік тоқтатқанда жаңа маркалы Тойота Ланд-Крузер көлігі мүлде тоқтамайды, əсіресе осы көліктегідей KZ 100 HPA 01 деген нөмірі бар болса... иə, дəл сондай көлік алдыма тоқтай келді де, жүргізуші терезені ашты да диалогты бастады:
- Бауырым, жол болсын! Қайдан жүрсің?
- Ассалаумағалейкум, аға! Қаланың ішіне кіргенше ала кетесіз ба?
- Ала кетейін, отыр!
Артқы есікті ашып қара ала сөмкемді қойып алдым да, өзім ыңғайланып отырып алдым. 
Бір сəт үнсіздіктерден кейін аға қайтадан сөйледі:
- Местный емессің-ау дим...
- Иə, Қарағандыдан келе жатырмын. Ал негізі Шымкент жақтанмын.
- Ал Астанаға келуіңе не себеп?
- Ертең фестиваль, гала-концерт болатын еді осында. Соған университеттен босатылып келе жатырмын. 
- Дұрыс екен. Сен сонда əн айтасың ба? 
- Əн айту - жеке хоббиім. Бірақ университетте жас ақындардың қатарындамын. Бірінші курста жүріп азын-аулақ өлеңдерімді жинап кітапша шығарғаным бар еді. 
- Əəə, жақсы екен. Сондағы кісілер сені айдаладан тастап кеткені ма?
- Білмедім, аға. Отыз төртінші автобус келеді, соған мінесің деп айтты ғой.
- Жаңағы сен тұрған жерге қазір ешқандай маршрут келмейді. Эх, Қазағым-ай... Сен такси тосып тұрған жер Выезд деп аталады. Астанадағылар бұл жақты Мичуриновка деп атайды.
- Білмедім ол жағын,- деп күліп қойдым.
- Көрдің бе, інім. Біз қалай сорлы халық боп барамыз. Көнелердің көзін жалғап жүрген нағыз жігіттерге деген сыйластығымыз қандай деңгейде. Ақындарымызды да сыйлай алмай қалдық. Бірақ, қорықпа. Мен ондай емеспін!
Ағаның бұл сөздері көңіліме кəдімгідей демеу болды. 
Аға басын шайқап-шайқап болып, ары қарай жалғастырды:
- Негізі қайдан боласың?
- Шым жақтан, Түлкібастанмын. 
- Өзінен ба?
- Высокийденмін.
- Оо, Высокий десе кез келген шафёрге боран елестейді ғой.
- Иə, ауылдың боранындай боран көрші ауылымызда да болмайды ғой,- деп күліп қоямын. 
Осындай əңгімелерден кейін Встречаға да жақындап қалдық.
- Сонда сен өлең жазасың, иə?!
- Ол да бар, əн де жазамын... жалпы шығармашылық қой.
- Дұрыс. Еңбектенсең бəрі болады ғой, інім. Сен сияқтыларды қазағымыз құрметтей бермейді. Сені көргендер болса көпшілік адамдар көз аларта қарар еді. Рас қой! 
- Білмеймін..)
- Концерттерің қай жерде?
- Оқушылар сарайында...
- Момышұлындағы ма?
- Иə. Қонақ боп келіңіз!
Аға мəз болып күліп қойды. Мен де өзімді əбден еркін сезіндім. Встречадан бұрыла бере аға қоштаса бастады: 
- Мен де осы маңда тұрамын. Негізі артта еді, сені жеткізіп тастағым келді. Жетінші поликлиника деген бар, сол жақта тұрамын...
- Жақсы екен. Негізі қандай қызметтесіз?
- Бір кісінің көмекшісімін. Ол кісі қаланың сырт жағында коттеджде тұрады. Сол кісіні апарып тастап, үйге қайтып келе жатқаным ғой...
- Дұрыс екен.
- Өзіңнің мамандығың əдебиет шығар.
- Жоға...) Связист боп бітіремін!
- Оның да жөн екен. Бірақ қазақ ретінде өтінішім болсын: мынау ел əбден қараға батып күңіренген заманда əдебиетімізді тастап, өлеңіңнен алыстап кетпе!
- Əрине, аға! 
Диалог аяқтала сала, көлік тоқтады:
- Міне, встреча осы жер. Көп маршруттың келетін нүктесі ғой. Осы жерден мінсең болады.
- Көп рақмет, аға. Мың теңгені ала салыңыз, Жол ақысын жемейді деген сөз бар ғой. 
- Қойа ғой, мұсылман емеспіз ба?! Алла жолыңды берсін! Көліктен жай ғана рақмет айтып түссең жетеді,- деді де қол алысып қоштастық...
Үйтіп-бүйтіп отыз бірінші маршрутты тосып, үйге де жетіп алдым...

P.S. Айтқым келгені, бүгін жақсыға да, жаманға да куə болдым. Астана мен Қарағандының арасы үшін арнайы құрылған Astra-дан əбден көңілім қалды жəне де елімізде елім дейтін ерлердің бар екендігі көңілімді көншітті. Бар болғаны сол!

 

Нұрғиса Құрманбай


Share:      
Leave a comment: