Айсаұлы Ахмет
4825
"Айсаның ұлы Ахмет" (Мұрын жырау нұсқасы ) "Қырымның қырық батыры" циклді қатарына енген таңдаулы жыр үлгілерінің бірі. Ахмет батыр немесе Әмет есімі "Қобыланды", "Орақ-Мамай", "Едіге", "Қарасай-қази" т.б. ноғай-қазақ эпостарында негізгі кейіпкерлермен қатар аталатын тарихи қаһарман. 1942 жылы Алматы қаласында жыраудың өз аузынан жазып алынған. Эпостың қолжазбасы ҚР БҒМ Орталық кітапханасының сирек кітаптар және қолжазбалар қорында (ОҒК. Ш. 670) сақталған. Тыңдаушыларға ұсынылып отырған мәтін аталған түпнұсқа бойынша әзірленді.
Бөлісу: