Пайдаланушы келісімі

ПАЙДАЛАНУШЫ КЕЛІСІМІ

  

  1. Интернет-ресурсты пайдаланудың жалпы шарттары 

1.1. Интернет-ресурстың иесі – «Qazcontent» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам).   

1.2. Интернет-ресурсты қолданатын кез келген тұлға интернет-ресурсты пайдаланушы (бұдан әрі - Пайдаланушы) болып табылады.   

1.3. Интернет-ресурсты пайдалану Пайдаланушы интернет-ресурсқа бірінші рет кірген кезде дереу күшіне енетін осы Келісімнің төменде келтірілген барлық шарттарын қабылдайтынын және сақтауға міндеттенетінін білдіреді.   

1.4. Осы Пайдаланушы келісімін (бұдан әрі – Келісім) Қоғам кез келген уақытта, қандай да бір арнайы хабарламасыз толық немесе ішінара өзгерте алады. Келісімнің жаңа редакциясы интернет-ресурста жарияланған сәттен бастап күшіне енеді. 

1.5. Интернет-ресурстың материалдары мен сервистерін пайдалану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларымен реттеледі. 

1.6. Осы Келісім жария оферта болып табылады. Интернет-ресурстың материалдары мен сервистеріне қол жеткізе отырып, Пайдаланушы осы Келісімге қосылған болып есептеледі. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395 – 399-баптарына сәйкес Пайдаланушы осы Келісімнің талаптарымен толық және сөзсіз келісімін қабылдап растауы осы құжатта баяндалған талаптарда жария оферта шартын жасасуға тең. 

 

2. Интернет-ресурста орналастырылған материалдарды пайдалану шарттары

2.1. Интернет-ресурста жарияланатын барлық жаңалық хабарламалары, талдамалық мақалалар, мамандардың пікірлері түрінде баяндалған мәтіндер, фотосуреттер, иллюстрациялар, бейнесюжеттер, аудиожазбалар және өзге де материалдар оқуға ыңғайлы болу үшін материалдар деп аталады.

2.2. Интернет-ресурста жарияланған барлық материалдарды Пайдаланушы тек осы Келісімге сәйкес пайдалана алады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген материалдарды шығару, тарату, көпшілік алдында көрсету, эфирге беру, кабель арқылы хабарлау, жалпыға бірдей назарға жеткізу, аудару, қайта өңдеу және пайдаланудың өзге де ықтимал тәсілдері материалдарды пайдалану болып табылады. 

2.3. Интернет-ресурстың барлық меншікті мәтіндік ақпараттық материалдарын бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі - БАҚ), басқа интернет-ресурстар немесе Интернет желісіндегі кез келген басқа ресурстар, сондай-ақ баспа басылымдары өтеусіз негізде (тек коммерциялық емес мақсаттарда) осындай материалдың үштен бірінен аспайтын көлемде интернет-ресурстың материалына бастапқы көз ретінде міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып және оның нақты мағынасын сақтай отырып пайдалана алады . Интернет-ресурсқа белсенді гиперсілтеме қайта басылған материал мәтінінің бірінші немесе екінші сөйлемдерінде көрсетілуі тиіс. 

Тек дыбысты немесе дыбыс пен бейнені (теледидар мен радио) пайдаланатын БАҚ интернет-ресурсқа сілтеме жасай отырып, берілетін жаңалықтың бірінші немесе екінші сөйлемінде интернет-ресурстың атауын айтуға міндетті.

2.4. Интернет-ресурста орналастырылған жаңалықтар хабарын таратуға оны өзге редакцияда (рерайт) жариялағаннан кейін ғана жол беріледі. Бұл ретте бастапқы материалға гиперсілтеме және «Qazcontent» АҚ хабарлайды», «Baq.kz хабарлайды», «El.kz хабарлайды», «Primeminister.kz хабарлайды», «Adebiportal.kz хабарлайды», «E-history.kz хабарлайды» деген сөздер таратылатын материалдың бірінші абзацында орналастырылады. 

2.5. Кез келген ақпарат агенттіктерінің, бастапқы дереккөздерінің және/немесе Қоғамның өзге де серіктестерінің материалдары интернет-ресурсқа тек жариялау құқығы негізінде ғана беріле алады, сондықтан оларды кез келген БАҚ-та, интернет-сайттарда және/немесе кез келген ресурстарда аталған тұлғалардың жазбаша рұқсатынсыз қандай да бір нысанда пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Оларды пайдалану үшін пайдаланушылар құқық иелеріне тікелей жүгінуі тиіс.

Егер материалдар «Серіктестік материал», «Жарнамалық материал», «Материал ұсынған...» деп белгіленген жағдайда, оларға авторлық құқық тиесілі интернет-ресурс серіктестерінің ақылы материалдары болып табылады. Тиісінше, оларды пайдалануға Пайдаланушы осындай серіктестердің авторлық және өзге де құқықтарын бұзғаны үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алған жағдайда ғана жол беріледі немесе Пайдаланушы алдын ала тиісті құқық иелерінен тікелей пайдалануға рұқсат алады.

2.6. Егер Пайдаланушы материалдарды толық көлемде пайдалануға интернет-ресурстың жазбаша келісімін алса, онда оларды пайдалану кезінде жариялау дәлдігін сақтау қажет. Материалдарды шығару кезінде олардың түпнұсқа мәтінін қайта өңдеуге (оның ішінде материалдардың мазмұнын бұрмалайтын өзгерістер енгізуге) жол берілмейді.

Материалдардың дәлме-дәл берілмеу салдарынан мазмұнның бұрмаланғаны үшін жауапкершілік Пайдаланушыға жүктеледі.

2.7. Құқық иесінің/автордың аты-жөні және дереккөздер көрсетілген фотосуреттерге барлық құқықтар Қазақстан Республикасының заңнамасымен, авторлық құқық және сабақтас құқық саласындағы халықаралық заңнамамен қорғалған. Оларды кез-келген БАҚ-та, интернет-сайттарда немесе басқа ресурстарда, бастапқы түрінде де, интернет-ресурсқа сілтеме жасай отырып, фрагмент түрінде пайдалануға ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ. Оларды пайдалану үшін Пайдаланушы копирайт белгісі мен  фотосурет авторының есімін сақтай отырып, тиісті интернет-ресурсқа тікелей сілтеме көрсетілген жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкін авторды көрсете отырып немесе онысыз  ©Qazcontent.kz, ©Baq.kz, ©El.kz, ©Primeminister.kz, ©Adebiportal.kz, ©E-history.kz копирайт белгісімен белгіленген фотосуреттерді қоспағанда, дереккөздерге/авторлық құқық иесіне жүгінуі керек, бұл ретте интернет-ресурстың копирайт белгісімен белгіленген фотосуретті қандай да бір қайта өңдеуге және бұрмалауға жол берілмейді.

Егер фотосурет интернет-ресурста қолтаңбасыз, авторлығы немесе өзге де тану ақпараты көрсетілмей жарияланса, онда мұндай фотосуретті қайта басып шығару үшін, оның ішінде интернет-ресурсқа сілтеме жасай отырып, өзге де БАҚ, интернет-сайттар немесе  кез келген басқа да ресурстар пайдалана алмайды. Осы талаптарды бұзған жағдайда интернет-ресурс ешқандай жауапкершілікке тартылмайды.

Назар аударыңыз! Осы Келісімде көрсетілген тәртіп пен тәсілдерді бұза отырып материалдарды кез келген пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауаптылыққа тартуға әкеп соғуы мүмкін заңсыз пайдалану болып саналады.

 

3. Дербес деректерді жинау және өңдеу

3.1. Интернет-ресурсты кез келген нысанда пайдалану Пайдаланушының өзінің жеке ақпаратын өңдеу шарттарымен сөзсіз келісуін білдіреді. Келісім шарттарымен келіспеген жағдайда Пайдаланушы интернет-ресурсты пайдаланудан бас тартуы тиіс.

3.2. Дербес деректер мыналарды қамтуы мүмкін, бірақ олармен шектелмейді: электрондық пошта мекенжайы, IP мекенжайы, геолокация туралы ақпарат, іздеу сұраныс тарихы, кірген күні мен уақыты, сондай-ақ қол жетімді "cookies", браузер және операциялық жүйе туралы ақпарат, пайдаланушы ұсынған деректер, мысалы: Аватар (пайдаланушы орналастырған сурет), пайдаланушы аты, жынысы, туған күні, келісімі және пайдаланушының қолжетімділік құқығын растау ақпараты.

3.3. Дербес деректер келесі мақсатта жиналып өңделеді: 

   - ресурстың қосымша функцияларына қол жеткізуді қамтамасыз ету; 

   - қызмет көрсету сапасын және пайдаланушы тәжірибесін жақсарту. 

 3.4. Қоғам Пайдаланушылар туралы ақпаратты, оның ішінде Қоғамның міндеттемелерін орындау, сондай-ақ Пайдаланушы келісімінде көзделген міндеттемелерді орындау үшін қажетті дербес деректерін ғана жинауды және өңдеуді жүзеге асырады.

3.5. Осы арқылы Пайдаланушы осы Келісімнің 3.3 және 3.4-тармақтарында көзделген мақсаттарда ол туралы дербес ақпаратты Қоғамның әріптестеріне, үшінші тұлғаларға беруге өзінің келісімін білдіреді.

3.6. Пайдаланушы туралы дербес ақпаратты осы Келісімде көзделмеген мақсаттарда пайдалану қажет болған кезде Қоғам Пайдаланушының осындай әрекеттерге келісімін сұратады.

3.7. Заңнамада көзделген және/немесе осы Келісімде тікелей көрсетілген жағдайларды қоспағанда, дербес деректер үшінші тұлғаларға берілмейді.

3.8. Пайдаланушылар туралы дербес ақпарат мынадай жағдайларды қоспағанда, үшінші тұлғаларға берілмейді:

3.8.1. Пайдаланушы осындай әрекеттерге келісім берген жағдайда;

3.8.2. Дербес ақпаратты беру интернет-ресурстың және/немесе оның жекелеген функционалдық мүмкіндіктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында қажет болған жағдайда;

3.8.3. Дербес ақпаратты беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген жағдайда;

3.8.4. Пайдаланушы Пайдаланушы келісімінің талаптарын бұзған жағдайда Қоғамның және/немесе үшінші тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында.

3.9. Пайдаланушылардың дербес деректерін өңдеу кезінде қоғам «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V ҚР Заңын басшылыққа алады.

3.10. Пайдаланушылар туралы дербес ақпарат Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сақталады.

3.11. Қоғам Пайдаланушылар туралы дербес ақпаратты оларға заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, дербес ақпаратты жоюдан, өзгертуден, бұғаттаудан, таратудан, сондай-ақ онымен өзге де заңсыз әрекеттерден қорғау үшін барлық қажетті және қажетті ұйымдастырушылық, техникалық шараларды қабылдайды.

 

  1. Басқа да шарттар    

4.1.Пайдаланушының интернет-ресурстағы пікірлері мен өзге дежазбалары Қазақстан Республикасы заңнамасының және жалпы қабылданған мораль мен адамгершілік нормаларының талаптарына қайшы келмеуітиіс

4.2. Осы Келісімнен туындайтын немесе оныменбайланысты барлық ықтимал даулар ҚазақстанРеспубликасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс

4.3. Пайдаланушылардың бірі Келісімережелерін бұзған жағдайда Қоғам әрекетсіздігіҚоғамды өз мүдделерін қорғау жәнезаңнамаға сәйкес қорғалатын интернет-ресурс материалдарынаавторлық құқықтарды қорғау мақсатында кейін тиісті шаралар қабылдау құқығынан айырмайдыПайдаланушы осы Келісімнің барлық тармақтарыментанысқанын және оларды сөзсіз қабылдайтынрастайды

 

 

 Барлық құқық қорғалған.