Жәнібек батыр

3961
"Батыр Жәнібектің өлеңі" XV ғасыр оқиғаларын баяндауға арналған тарихи жыр үлгісі. Жыр Қазақ хандығының негізін қалаған хандардың бірі Жәнібек ханның (XV ғ. басы - 1470) жас кезіндегі ерлік істерін көркем тілмен суреттейді. Жыр мәтінін жергілікті ақын Омарбай Малқаров 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан өңірінің тұрғыны, белгілі халық ақыны, жыршы Орынбай Таймановтан жазып алған. Жырдың қолжазбасы сол жылы бұрыңғы қазақ КСР Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасы қорына (ОҒК. 778-бума, 3-дәптер) түскен. Тыңдаушыларға ұсынылып отырған "Қарабек батыр" жырының мәтіні түпнұсқасы бойынша әзірленді.
  
Жырды орындаған: Р. Әшімов, А. Ешбаев, А. Садықов, М. Тоқтағанова, Ж. Тоқтасынов, Б. Төлеубаев, К. Түрікпен, Ғ. Шаймаханова, Е. Шалдыбеков.

Бөлісу: