Жантай батыр
6537
«Жантай батыр». Жырдың қолжазбасын М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қорына 1969 жылы ақмолалық журналист, фольклор үлгілерін жинаушы Ғалымжан Мұқатов өткізген (ӘӨИ, 717-бума,10-дәптер). Жинаушының ел арасындағы көнесөз қарттардан жазып алған әңгімесіне қарағанда, жырдың әу бастағы шығарушысы атақты Үмбетей жырау болған. Үмбетей қартайған шағында одан туысы – Бапан би Тұраналыұғлы естіп, жаттап, елге таратады. Ұсынылып отырған жыр мәтіні аталған қолжазба негізінде дайындалды.
Жырды жырлағандар: Ұ.Байбосынова,Л. Жанамаова, Ө.Сәрсенбаев, Ғ.Шаймаханова, Е.Шалдыбеков.
Бөлісу: