Көкжарлы батыр

3933

«Көкжарлы Барақ батыр». Туынды ҚР БҒМ Орталық ғылыми кітапханасының сирек кітаптар және қолжазбалар қорында сақталған «Барақ батыр, Абылай» деп аталатын қолжазба негізінде жеткен (ОҒК, 744-бума). Мәтінді 1941 жылы жырлап, хатқа түсірген және өз қолымен қорға тапсырған – шығыс қазақстандық фольклорлық мұраларды жинаушы, ақын Бәдел Тұрсынбаев (1905-1967). Қазақ-жоңғар соғысының ең соңғы шайқастарының осы жырда баяндалғандай, Алтай тауларының бойында өткені де – тарихи шындық. Сол шайқастарда Қабанбай мен Бараққа серік болғаны суреттелетін батырлардың бірқатарының есімдерін бізге мәлім етуші бірден-бір тарихи айғақ осы туынды болып табылады. Жыр қолжазба түпнұсқасынан өзгертусіз дайындалды.

Жырды орындағандар: А.Абдуалиев, Ұ.Байбосынова, Л. Жанаманова, Д.Жолымбетов, Ф.Нарман, Ө. Сәрсенбаев, Ғ.Шаймаханова, Е.Шалдыбеков.

Бөлісу: