Астанада түріктің «Махаббат саған ұқсайды» фильмі көрсетіледі
2017 жылы бауырлас елдер Түркия мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық байланыстың орнағанына 25 жыл толып отыр. Астана Юнус Эмре институты Түркияның Қазақстандағы елшілігінің қолдауымен «Айлық түрік фильмдері күні» атты шараны жыл бойы жалғастырып келеді. Кіру ақысыз.
Астаналықтар мен қала қонақтарына Керуен ойын-сауық орталығында өтетін әйгілі актер Бурак Өзчивит пен Фахрие Эвджен бас ролдерді сомдайтын «Махаббат саған ұқсайды» атты фильмін тамашалай алады. Фильм түрікше (орысша субтитрмен) көрсетіледі.
Фильмнің оқиғасы Мугланың жағасындағы бір ауданда өтеді. Дениз - балмұздақ сатушысы, ал Әли болса балықшы. Дениз бұрынғы ғашығын ұмыту үшін аудан орталығына келіп балмұздақ сататын дүкенге жұмысқа орналасады. Бір күн көшеде Әлимен жолдары тоғысады. Алғаш көргеннен Денизді ұнатып қалған Әлидің махаббаты еш сөнбейді...
Күні : 30 қыркүйек
Уақыты : 17.00
Орны : Астана қ., Керуен ОСО, Достық к-cі. 9, Kinopark 7, 4-зал
Бөлісу: