***

22.05.2017 5029

Білемін, ойлайсың сен күнде мені,
Көңілім көбелексіз гүлденеді.
Маған да айтпаған сырын бар-ау ?
Айға айтып отырсың, бірденені.

 

Жабығып жүре көрме жалғанда бұл,
Бұлбұлың сайрайды ғой орманда құр.
Сен жеткен өмірдің сол бақытына,
Біреулер жете алмай арманда жүр.

 

Бақытты бағалай біл, қолыңдағы,
Қиындық- өтіп кетер оның бәрі.
Сен менің аппақ арым, ақ қанатты,
Бас құсыма айналшы қолымдағы.

 

Сен менің жүрегім бол, жаны бірге,
Өзіңді мен сүйемін ғой әлі күнге.
Адалдық пен ақылға бағынайық,
Сонда ғана өзгерер бәрі мүлде.

 

Білемін, ойлайсың сен күнде мені,
Көңілім көбелексіз гүлденеді.
Маған да айтпаған сырын бар-ау?
Айға айтып отырсың, бірденені.

 

 

Сержан Әлімбет

Бөлісу: