Мезгіл меланхолиясы
30.05.2017
5730
Қала күзі,
Жаным нені жатсынды?
Әлденені аңсай ма әлде шалғайдан?
Шаңырағы қаңыраған қарт сынды,
Кәрі бақтың самайлары сарғайған.
Мұңға мен де маталдым...
Қоңыраулы қоңыр күз-ау,
бұлты – Өлең!
Сенен есер қоңыр желді
шаһардың
Алып-алып ғимараты бүркеген.
Көңілшек бұлтты Көк Аспан,
Мен де сенің жауа алмаған бұлтың-ем.
Көкке асыққан о бастан
Мұңым да бар мың түмен...
Есі ақшаға ауған ел,
Есек аңдып есіріп жүр, не істейін?
Бұл қоғамға - саудагер
Менің мұңым - бес тиын!
Күл, мейлің.
Бүгін тағы Мұң тағында тақсырмын!
Қала күзі...
Неге екенін білмеймін,
Бүгін сені жатсындым.
Бөлісу: