Әйел маған ұнайды...
11.10.2017
6379
Әйел маған ұнайды ерте тұрған,
Күйеуіне бір кесе шәйін құйған,
Қанбаса да ұйқысы төрт бөлінген,
Жылағаннан сәбиі жаңа туған.
Әйел маған ұнайды кең етекті,
Желіктіре бермейтін көп еркекті,
Қабағына қарайтын жұбайының,
Өзін төмен ұстайтын бірер саты.
Әйел маған ұнайды ұзын шашты,
Орамалы әдемі жарасыпты,
Үлкен көрсе сәлемін салып жүрер,
Ұстанатын қазақы ата салтты.
Әйел маған ұнайды сиыр сауған,
Күбі пісіп қолымен майын алған,
Мың шаруаға бір өзі үлгеретін,
Балалары тоқ болса олда тойған.
Дүниенің бастауы әйел деген,
Әйелдерді сыйлайық еркелеген,
Әйелдерсіз бұл өмір ешбір мәнсіз,
Әйелдермен гүлденген барлық әлем!
Ерсайын Құрманбайұлы
#shieliman 22
07.10.2017ж
Бөлісу: