БАҚ ҮШІН ХАБАРЛАМА! Құрметті достар! #BizLatyndyQoldaimyz
Қазіргі кезде қоғамда қызу талқыға түскен өзекті мәселенің бірі - қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі. Осыған орай, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдай отырып, «Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының бастамасын жалғастырамыз.
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы латын әліпбиіне көшу бастамасын қолдайды және #BizLatyndyQoldaimyz атты әдеби байқауына қатысуға шақырады.
1 орын – мыңжылдық тарихы, бай мәдениеті, салт-дәстүрімен ерекшеленетін әлемнің ең дамыған мемлекетінің бірі Жапонияға жолдама алу.
2 орын – Қазақстандағы тарихи киелі мекен Түркістанға жолдама.
3 орын - смартфон.
Міндетті шарт: Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының
Facebook @nabrk.kz/
Twitter @kr_uak
Instagram Nabrk.kz парақшаларына міндетті түрде жазылуыңыз керек.
Қымбатты достар! Егер сіздер қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін қолдасаңыздар аталған байқауға қатысуларыңызды сұраймыз! Байқауға қатысу үшін көрсетілген екі шарттың береуін таңдауыңызға болады.
Байқау шарттары:
1.«Kitappen oetken bir kuen», ұзақтығы 2 минутқа дейін (сюжеті кітапхана немесе кітаппен байланысты қызықты бейнеролик немесе фоторепортаж түсіру);
2.«Ertegiler aelemi» (балаларға арналған қазақша латын тілінде эссе, ертегі, әңгіме жазу). Әр қатысушы бір шығарма ұсынуы қажет. Ұсынылатын жұмыс көлемі: А4 форматында 2 беттен кем емес. Тілі – қазақша латын әліпбиімен.
Фотопоста не жазылуы керек?
Суретке түскен жердің мекен-жай мәліметтері және достарды белгілеу.
Постты #BizLatyndyQoldaimyz хэштегпен белгілеу.
Байқаудың өткізілу мерзімі: 2017 жылдың 12 - 30 қазан аралығы.
Байқау қорытындысы 2017 жылдың 1 қарашасында сағ. 10.00-де жарияланады.
Координатор:
Карпыкова Әсем, Email: menedjment.marketing@mail.ru
Mob: + 7 702 482 20 63, +7 7172 47-26-75
Facebook, instagram: Nabrk.kz
Бөлісу: