Әрі қу Октябрь, әрі ұлы Октябрь

08.11.2017 5133

Ұлы Октябрь сауатсыздықты жойды,

Ұлы Октябрь темір жол салып қойды,

Кеңшар менен ұжымшарлар құрылды,

Кедей қойшының құрсағы да тойды


 

Қу Октябрь кесті тілімізді де,

Қу Октябрь бұзды дінімізді де,

Қу Октябрь қазақты орыс қылып,

Тіпті былғап кетті ділімізді де


 

Қу Октябрь Алаштың туын жықты,

Ұлы Октябрь жетістікке жеткізді,

Жеңді Октябрь сүзекті мен шешекті,

Бірақ-тағы шошқа майын жегізді


 

Қанша мектеп-емханалар ашылды,

Бірақ қанша есіл ерлер атылды,

Жақсылығы - жамандығы Қазанның,

Түрлі сан том кітап болып басылды


 

Эх, Октябрь, тарихи бір белессің,

Е, Октябрь ұмытылған елессің

Қандай болсаң маңызды құбылыссың,

Өттің-кеттің, жақсы-жаман емессің

Бөлісу: