Мен ояумын
31.05.2017
5255
Мен ояумын, ояу менің санамда,
Керегі жоқ, артқа қарап алаңдап.
Тұман басқан қуып шығып түнекті,
Алға басам, жарық күнге қадамдап.
Мен ояумын, санамда үлкен ой жатыр,
Бұзбаса екен сол ойымды кей батыр.
Елім дейді елжіреген жүрегім,
Кей жандардың жүрегінде пайда тұр.
Мен ояумын, сергек менің санамда,
Ұшқын отты жаққым келер ғаламға.
Бір түнектен қашып шыққан секілді ек,
Жабысып жүр тағы бірі жағамда.
Мен ояумын, ұйықтатпаймын қайтадан,
Өз ойымды өлеңіммен айта алам.
Қателесер, улаймын деп ойласа,
Санамды кеп үгітімен шайқаған.
Бөлісу: