Ұстазым

20.11.2017 4976

Ұстазым – тұлғаң ерек-ау, орның бөлек –ау мен үшін!

Жаныма азық, көңілге медеу  асыл жүрегің - кенішің!

Қанатым –әлсіз, бұғанам бекіп қатпаған күйі келіп ем

Мәңгіге өзің – мен тапқан алғаш, өмірдің асыл кенісің!

 

Нұр шашқан тұлғаң  жүрекке қонақтап,ұялап алды мәңгіге,

Сен жайлы сөздер... легі  таусылмас шексіз де,бітпес әңгіме,

Қасиетті тұлғаңнан сенің қуат пен қатар нәр алып

Қанатты қағып, қалықтап жүрміз бір күннен өтіп, әр күнге.

 

Ұстаздық – ұлылық, жолы да азап қиындық,

Сенің қабағың қатулы болса, тиылдық.

Жетелеп бізді, жөнге де салып алатын.

Ұстазым сенің дәрі сөздеріңе сиындық.

 

Абыройлы, ауыр жол  жүгін арқалап,

Қисынсыздықтан, ұятсыздықтан шәкірттеріңді қалқалап.

Ізгілікті ту қып ұстаған ұстазым.

Шәкіртеріңнен таусылмас ізет, мархабат!

 

Қымбаттым.. ұстазым... нұрланып, шалқып жүре бер!

Қуаныш тасып, шаттыққа толып күле бер!

Асыл ұстазым жарық тұлғаңа, нұр шашқан сәулелі жаныңа,

Мөлдір көңілден, шексіз де, шетсіз бағасыз....

 Алғыстан жасалған медальдарынды іле бер!

Бөлісу: