Таулық

24.11.2017 6381

Тауда өстім, тауда менің бір елім,
Тауға қарай тартып тұрады белгісіз бір сезім.
Таулар жайлы бола қалса əңгіме,
Ең бірінші елеңдейді жүрегім.

Таулық деген атымыз бар, тауда туып өскен соң,
Таудың ұлы тауға қарап биіктіктен үлгі алған.
Алатаудың арғы жағын мекендеген көршілер,
Тауға теңеп үлкендерін атаған ба осы шоң ?

Биіктікті - тектілікті жастайынан тəрбиемен сіңірген,
Таудың елі тау тұлғалы батырларды өсірген.
Төмен түспес тас түлегі қанша қиын болсада,
Таудың берген тəрбиесін жүрегімен түсінген.

Бөлісу: