Бір ойым

24.11.2017 4326

Ақын дейме жазған болса бір шимақ, 
Жүрек сырын ұқтырғанда шумақ. 
Ұлы сезім əскері кеп қауласа,, 
Қарсы тұрар оған қайтіп ол бейбақ. 

Сезім жайлы жазып жүрміз күніге, 
Сезім жайлы жазбаңдаршы түңіле. 
Сүйдіретін - күйдіретін құдірет, 
Сезім жайлы ойлаймыз ба үңіле ? 

Сүю дейді өмірдегі байланыс, 
Сүю дейді өмірді ары жалғағыш. 
Байланысты үзбеу үшін адамдар, 
Сүйейікші жүректерде қалдырмастан бос қуыс.

Бөлісу: