Жауған қалың қар көктемге қалмас...
23.05.2019
8730
Жауған қалың қар көктемге қалмас,
Өмірің - тәтті, өлімің - алмас.
Жаздың бір сәні - гүлдеген дарақ -
Қара күз келсе қурамай қалмас...
Жарық күн жайнап, өтеді заман,
Тірлікте басың болсын де аман.
Адалдық, шындық шығарар төрге,
Уақыт салса да араға жалған.
Айтусыз келер аза-қаза, мұң,
Көрерсің көркем тағдыр жазғанын.
Атаукереңді жалғасың берсін,
Қалмасын жұртта қара қазаның!
Бөлісу: