Желтоқсан құрбандарына
Кешегі рухы бөлек ағаларым,
Отанын сақтап қалған апаларым.
Жыр қылмай ерлігіңді қалай ғана,
Төсегімде тыныш -ау жата аламын.
Желтоқсан ызғарымен үздігіп тұр,
Жанымды мұздатып-ай үскірік жыр.
Бекерге жан бердің бе аға-апалар,
Колбиннің күші әлі ысқырып тұр.
Жотада қалып барат ерліктерің,
Ел үшін алып берген теңдіктерің.
Тоздырып бүгінгі елді сатып жатыр,
Шенеуніктер майдалап шеңдіктерін.
Бекер-бекер төгілді қандарыңыз,
Қиылып мұз үстінде жандарыңыз.
Аяққа тапталды ғой аға-апалар,
Тәуелсіздік аңсаған арманыңыз.
Ел мынау бұйырмай тұр қазағына,
Өзгенің айналып-ай мазағына.
Батыстың тайдырам деп билігін ау,
Шыдап ең колбинизм азабына.
Бүгінде жүдеу күйде еңселі ел,
Сипатынан айрылды өрге жүрер.
86. Қанды жыл құрбандары,
Ерлігіңді жер қылды елдегілер.
Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ.
Бөлісу: