Сен жайлы
28.11.2017
5847
Көңілімнің ұрлаған тыныштығын,
Сен жайлы естідім мен сыбыс бүгін.
Ойларымды ториды өзіңді айтып,
Әдемілеп сыбыстап сыбызғы күн.
Уа,жүрегім тыныш-ай дүрлікпегің,
Махаббаттым ол десе сұмдық менің.
Есіме түсе берет сол бағзы күн,
Сұлулықпен есімді сілкіткенің.
Есіме түсе берет сол бағзы күн,
Махаббатқа ол кезде аңғалтұғым.
Кеш ұғыппын мен үшін қайран басым,
Сүйгенімнің боларын арман бүгін.
Сүймеудің іздеп жүріп басқа амалын,
Сағынышты тұсаулап басқарамын.
Ұмытам деп жүргенде жолықтың-ау,
Көшесінде кешғұрым Астананың...!
Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ.
Бөлісу: