Көшеде жүр

28.11.2017 5468

Көшеде жүр теңселіп тербелгендер,
Уын ішіп арақтың сенделгендер.
Қараңғылық жамылса тұрақ іздеп,
Маскүнемнің өмірін меңгергендер.

Қоқыс қарап кей пенде жүр көшеде,
Тағдыр деген шынымен бір пешене.
Келешектің көшесі түнгі клуб,
Одан алар бар ма екен үлгі өнеге?!

Көшелердің жолында мың сан тірлік,
Еркін өмір аясын зыңдан қылдық.
Иман үшін емес-ай өзімізді,
Көшедегі күндерге құрбан қылдық.

Жақсыларым жоқ емес көшелерде,
Бола алатын шетінен өнеге елге.
Қорқасың-ау солардан бақ таяр деп,
Бір жамандық мерейін көсегенде.

Көше,көше тағдырлар аясында,
Бір көше бар иманның саясында.
Бір көше бар пендеге берері жоқ,
Тіршілігің жасырған таязында...

      Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ. 

Бөлісу: