Түнгі жаңбыр

28.11.2017 6438

Тыныштықты әлдилеп түнгі жауын,
Найзағайлап көрсеті бұлт ылаңын.
Қараңғы түн аспаны жарқ-жарқ етіп,
Сарынына тіл бітті тұнжыратын.

Бүгінгі түн жаңбырлы жауынды түн,
Жел ырғағын тербеткен дауылды түн.
Түнгі Арқалық менің-ау жан-дүнием,
Менен басқа жауынды сағынды кім?!

Жауа берші,жауа түс жаңбыр-жаңбыр,
Көңілдерге ой салып жаңғыр жаңбыр.
Әр тамшыңнан сыр ұқсын мөп-мөлдір-ау,
Адаспаған,адасқан әрбір тағдыр.

Найзағайын ойнақтап күркіресін,
Рухтандырып қоғамды сілкілесін.
Жаңбырыңдай түнгі аспан, түнгі Арқалық,
Мына менің әлемім үлбіресін!!! 

     Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ. 

Бөлісу: