Барады сырғып
28.11.2017
5164
Барады сырғып,
Күндермен уақыт жылдарым.
Алайда таппай,
Өмірдің ағыс жылғағын.
Басалмай алшаң,
Несіне алаң боламын.
Сүйсемде неге,
Сезбеймін сезім ырғағын.
Мезгілге қарап,
Өзгерген мына күн сайын.
Іздеймін елең,
Қытымыр қыстың ыңғайын.
Осының бәрін,
Сезетін қайран көңілім.
Кісінеп тұрат,
Дегендей бүгін жырлайын.
Бұтақтар анау,
Сағыныш күйін шертеді.
Сезілген сайын,
Ертеңгі жайқар көктемі.
Жаталып қалған,
Сүрлеуі таныс тағдырға.
Құлази берет,
Неліктен көңіл кептері?!
Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ.
Бөлісу: