Ұлыңды

28.11.2017 5794

Өмір өтіп бара жатыр күн зулап,
Менде кетем бұл дүниеден бір күні-ақ.
Сонда сізге кім қарайды жан әке,
Соны ойласам бала жүрек қынжылат.

Мені ойлаумен өтіп әр сәт ғұмырың,
Елеңдеуші ең ана орнына күні түн.
Кім демейді қарттық кезде сүрінсең,
О,дүниеге кетіп қалса бұл ұлың.

Қайраттымды қайыспа деп шыңдаған,
Тонбасын деп түн көрпемді қымтаған. 
Шайыңызды кім береді жан әке,
Ұшып кетсе о,дүниеге бұл балаң.

Түзеп күнде әр күнімнің кемтігін,
Парасатқа жетелеуші ет зерлі үнің.
Мен о,дүниеге кетіп қалсам әкетай,
Қарайлайды ертеңіңе енді кім.

Сіз бар жерде өзгеше еді әр күнім,
Сіз бар жерде қайратты еді қарқыным.
Жалғызсырап қаласыз ғой әкетай,
Ажалына бағынғанда тағдырым.

Қайғы мұңым көңілімді тұмшылап,
Өмір шіркін өтіп барат тым зулап.
Мен өлгенде сізге әке деп кім айтат,
Ұлыңды ғой мазалайды бұл сұрақ...

Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ

Бөлісу: