Таңғы өлең

28.11.2017 5991

Таң атып келеді сылаңдап,
Арайы сығалап бұлаңдап.
Жаңаша күннен леп күткен,
Торғайлар шиқылдап қуанды-ақ.

Келеді қыраттан таң атып,
Әлемді өзіне қаратып.
Ақ таңнан разылық жіберді,
Ұлы Аллам сауабын жаратып.

Иманын жіберіп бақ толған,
Әр құллын сауаппен басқарған.
Алладан басқа Тәңір жоқ,
Раззысын түсірген ақ таңнан.

Сауапқа бөлеп~ай әр күнді,
Иманнан күтеді парқыңды.
Болғанмен жалған~ау бұл тағдыр,
Кіршіксіз ақ таңмен тартымды.

Ақ таңға ынтық қып жанарды,
Иманға беттеттім санамды.
Бісміллә қайырлы болсыншы,
Шырайы шашылған таң алғы.

Жалғас ӘЛІМҒАЗЫҰЛЫ.

Бөлісу: