Наурыз - мейрам

28.11.2017 4092

Наурыз-мейрам

Келіпті көктем шуағын төгіп маңайға
Арман боп келген Наурыз да жетті талайға
Қар еріп міне,жер бусап жатыр жайменен
Адамдар шықты,үйлерін тастап сарайға

Ал қызыл болған, қазғалдақ жерді жарғанда
Құлпырар мекен,нұр беретіндей бар маңға
Жылына бір рет түлеп шығады қызғалдақ
Оны көруде,көрмегендерде арманда

Бұл көктем деген əдеміліктің сұлбасы
Қағысып төсін құдалар көрші құрдасы
Көгеріп бəрі қайтадан түлеп жатқасын
Наурызымдеген қазақтар үшін жыл басы

Бұл күні қайнар,қазандағы да асымыз
Қосылар тіпті бір дастарханда басымыз
Біріне-бірі адамдар тілек арнайды
Құтты болсын деп жаңадан толған жасыңыз

Жігітке сынақ, нысаналарды ату дөп
Бұл күні тіпті қызыққа деген бату көп
Реніш деген нəрселер мүлдем болмайды
Тойлатып жүрер араздасқандар тату боп

Топтасып бəрі əңгіме дүкен құрасып
Бірімен бірі көрісіп,саулық сұрасып
Амандықтарын сұрасып бəрі болғасын
Артынан кетер думан тойларға ұласып

Бəйгеге шауып,асауға тұсау құрықтап
Арулар билеп,жүзінен жігіт сыр ұқпақ
Қуаныш толы мейрамды мұндай ағайын
Болашақ үшін жүре берейік ұлықтап

Бөлісу: