Көлеңкенің жарығы
10.06.2017
6767
Жүрегіндегі дертін жуар деген үмітпен Сэми шелектеп құйған жаңбырмен сырласып көше жағалап жүре берді. Бір сәт төбесінен нөсерлеген тамшыларға тура қарап, ішінен жәй ғана айқайлап:
- Жушы мені, тазалашы, жушы... дей бергенде, көзілдіріктеріндегі тамшылардан сынған сәуле интерференцияларынан айнала қызылды жасылды түске боялып кетті. Қаяу көңілде мен жуынып жатырмын, тазардым деген үміт саңылаудан сығылады. Буынды босатқан шараптан да жеңілдеген қадамдар тартылыстың заңын жеңгендей еді. Алайда, өзін Сэми алдай алғанымен, оны жалғыздығы алданбай артынан еріп бара жатты.
Бөлісу: