© Көлеңкенің жарығы

10.06.2017 5234

Асықпай жауып жатқан ақ қарды, кейде аяғыңмен басқыңда келмейтін секілді осы...Сондай сұлулықтың үкімін шығарар мен кіммін?! Оларда сол тапталудан қорқып, көшенің кешкі шамдарының әуеніне тербетіліп: 
- сен бірінші, 
-жоқ сен бірінші түсші,- деп таласып түсіп келе жатырғандай... Бұрын жаңбырдың тамшыларымен ғана тілдесіп жүргем, ақ қардың қиыршықтарының үнін бірінші рет естігеннен кейін ба?! Ойға шомып кетіппін. 

Мост мейрамханасының терезелеріне телміріп, отырыстан тұрып кеткенімді сезді ма?! Салваторенің томбе ле нееже деп құйқылжыған үнін құлағымнан жұлып алған, Оның мұнтаздай таза кеудесінен жаңғырып, сыңғыр ете қалған дауысы: 
- Сэми, сіз үйленгенсіз ба осы ?! 
- Иә, үйленгем. 
- Жолдасыңызды бірге ертіп келмедіңіз ба, отырысқа?! 

Соқтығысқан жанарлардың арасында пайда болған жылылықтан, ауадағы иондарда қуат ала бастағанын сезген бойдақтығым әдетіне салып, жымия: 
- Иә, үйленгем...бірақ, біз әлі кездескен жоқпыз,- деді. 
© Көлеңкенің жарығы 

Бөлісу: