Аралым

04.12.2017 17604

Аралым

 

Туған жерім менің алтын Аралым,

Бар кезіңде елге қамқор жасадың.

Қайтып тағы келер ме екен сол шақтар,

Құшақ жайып жиегіңе шабатын.

 

Шалқып жатқан кезінде көк Аралым,

Қазір сенің бозаң тарты ау жамалың.

Ақын болу келмесе де қолымнан,

Бір сен үшін қолға қалам аламын.

 

Көк етегін көпке жайған Аралым,

Қазір қалды ау көрініп тек табаның.

Кейде білмей толқыған көк сағымнан,

Кеп қалғанба деп өзіңді қаламын.

 

Балықтары шүпірлеген Аралым,

Қиналғанға шын ниетпен қарадың.

Он төрт вагон балық беріп аштықта,

Көп халықтың жәрдеміне жарадың.

 

Тіл қаталсаң айтшы маған Аралым,

Мен дәл қазір қасындамын жағаның.

Кемелерді кезінде өзің тербеткен,

Бізге тастап қайда кетіп барасың.

 

Ауылдағы Құлакерге

 

Талай ақын жырлаған заманында жүйрік аттарын,

Ескерусіз қалдырман Құлакердің де шапқанын.

Тәжі Палуан асында аяғың кетті жауырыннан,

Бір кілем үшін тартысып болды ғой осы тапқаның.

 

Сынса да аяқ тұрмадың құлыншақтай ойнадың,

Аспанға ырғып, секіріп шабамын деп қоймадың.

Тоқ бәйгеге қосылу үш аяқпен оңай ма,

Сәті түспей бүл жолы көңілсіз тойды тойладың.

 

Сұйық құйрық, сұйық жал, ойық желке Құлакер,

Кең алқымды, тік бақай, құлын сауыр Құлакер.

Шүкірлік қылса құдайың сауығарсың Құлакер,

Шабамын деп асықпай орыныңда әзір тұра бер.

 

 

Таңертең

 

Таң ертеңгі тұр-тұр деген дыбыстар,

Сылдыр-сылдыр кесе-аяқ ыдыстар.

Тың-тыңдасаң құлақ салып ошақта,

Гүр-гүр етіп лаулап жанған дыбыс бар.

 

Маңғазданып киінуге ерінед,

Терезеге ұзақ қарап керілед.

Әп-әдемі аяз салған оюлар,

Неткен сұлу көз талдырар керемет.

 

Бөлісу: