Өмір
12.12.2017
4133
Кір шалмаған ақ пейілім, лайланып,
Көңіл-күйім, бір қазыққа байланып,
Шыңырауға тым тереңдеп кетіппін.
Жаныма аза, жүрегіме қайғы алып.
Бата беріппін түнекке, тірліктен бұл жиреніп,
Өткір көңілім пәстеніп, топастау бір күйге еніп.
Күйін кешіп көп уақыт тірі өліктің,
Былжырап қаппын, саз балшықтай иленіп.
Көп уақыт таба алмай өзімді өзім.
Тұмшаланып қалғандай екі көзім,
Бықсып жатып, азар деп бір маздадым,
Осыған шыдап жүрген қайран төзім.
Енді бұлай күйзелмеспін өмірде,
Еш сызатты қалдырмаспын көңілде.
Шыңырауға құламаймын тым оңай.
Мазда қайрат, болмайды еш сөнуге!
Бөлісу: