Көздерімде мөлдір тамшы ілініп
12.12.2017
4786
Көздерімде мөлдір тамшы ілініп,
Жүрек құрғыр, жырымдалып, тілініп,
Бір сөз түспей, таңдайға тіл жабысып
Қурап барам, сусып барам, үгіліп...
Не айтайын? Тіл қата алмай отырмын
Бір сөзбенен барлығын да опырдың!
Тап осылай күйгенімше жалғанға
Артық па екен, тірлігі көр соқырдың.
Қынжылайын, қайғырайын сонда да,
Сен мұның біріне де тұрмайсың!
Ынтық болған көңіліме не шара?!
Бірақ сен тым ұп-ұсақ құмдайсың!
Қанша ауыр болсын жүрекке,
Алдамшы, шыдамас ем түнекке,
Дұрыс шешім – жолымыз қақ айрылсын!
Мен емес жігіт күткен желөкпе!
Уақытпенен,жылдарменен сел болып.
Тым жыраққа күл боп ұшқан жел болып,
Сөнер, өшер, маздаған от сезімдер!
Ал, сезімнің гүлі өлер, мәңгі солып.
Бөлісу: