Кейде
12.12.2017
4838
Кейде...
Құлдырап тұңғиыққа кетсем деймін...
Әлдеқашан тереңге кеткендеймін.
Бір сұрапыл өмірден күткендеймін!
Ұмтылған мұратыма жеткендеймін.
Кейде...
Өмір балын татқандаймын,
Қанат қағып шыңдарға аспандаймын.
Жүрек сүйген адамды тапқандаймын.
Үмітімнің алауын жаққандаймын!
Бірақ та, күндерім көп сұлап жатқан,
Досымның аярлығы жанға батқан.
Күндер бар бұлт түйілген қу басыма!
Еңсені жер өптірген қайғы батпан!
Қу тірлік кімді сен шаршатпадың?!
Өкөкірек паң сынды шалқақтадың.
Шипасы жоқ дерт бердің жүрегіме.
Жөн болмады жаныма ен таққаның.
Жазмыш бар құтыла алмас еш пенде,
Қу жалғаннан ей адамдар сескенбе.
Қайғы ойламай жасын төкпей пенделер
Бұл тірлікті қуанышпен кешкен бе?
Бөлісу: