Ашыну
12.12.2017
4914
Мен де шалынып, құладым,
Қатеге бой ұрып, сүрініп...
Кей-кезде, өкініп жыладым.
Ушығып жан-жарам тілініп.
Бәрі де, адасып көреді.
Барлығы түбінде өледі.
Бір басқа құлап қап, тік тұрған.
Тік тұрған бәрін де жеңеді.
Құладым, қайтадан тік тұрдым,
Езілсем, алдымда тек құрдым.
Қиын ғой, бірақ та амал жоқ.
Қынжылма, қайғырсаң тек құрбым,
Мейлі,жылатсын, мейлі қуантсын.
Мейлі, тағы да құлатсын...
Бұл – менің өмірім. ПЕШЕНЕМ!
Тек АЛЛАМ көмек қып жұбатсын!
Бөлісу: