Алыстасың
12.12.2017
5166
Тым жырақсың...бір қалада болғанмен
Әлі сүйем, сезім суып солғанмен.
Ал сен болсаң, жанымды тілгілейсің.
Аз уақыт қолға келіп, қонғанмен.
Жанымды түсінбейсің, ұқпайсың.
Бір сәт болсын, құлқыныңды жықпайсың...
Мен жүремін, тәңіріме жалынып,
Ал сен болсаң, қорықпайсың, ықпайсың.
Өмірің өтер, жастығың кетер түсінемісің,
Іштей қамығып, бір сәтке болсын күрсінемісің.
Қалауың не? Не арман бар қалқам-ау?
Селге ағызып өміріңді несіне жүрсің?!
Мен керекпін бе? Жаныңа саямын ба?!
Қатеңді кешіп, құшақты өзіңе жаямын ба?!
Артық па саған желіккен желөкпелер?!
Сүймеймін деп айтуға аядың ба?
Аяма мені, шындық жақын жаныма,
Жалған сөзбен тие бермеші арыма!
Сүймесең, сүйме! Жүрекке билік жүрмейді.
Құрғыр әлсіздік, адастым-ау, тағы да!
Бөлісу: