Сен бірақ көктем боп кел

12.12.2017 5305

Келсең кел! Сен бірақ көктем боп кел.

От алаулы, сезіммен, өктемдікпен.

Келмегейсің...сөндіріп махаббатты.

Мен үшін... шын сезім мен көктем біткен.

Алып кел, сен қайтарып, сол күндерді,

Уақыт селге ағызды сезімдерді.

Нұр ендір жүрегіме қайта соқсын.

Сый ет маған, жасашы сыйлық тосын!

Бөлісу: