Мұңды сәт
12.12.2017
6776
Бұлт шалды көңіл аспанын,
Өзегім толы күзгі мұң.
Уақыт та, зулап, қас-қағым.
Күн батып келер қою түн.
Айналама көз салам,
Қызықсыз бір сұр дүние.
Адамдар да аптыққан
Шыр айналған дүние.
Көңілсізбін мен бүгін.
Торлады, қайғы жүректі.
Жамылдым, уайым түбітін.
Қайғы уайым күйретті.
Ашылар көңіл аспаны,
Өткінші бұл қой түйілген
Нұрлы ой күндей ашады.
Уайым да, қайғы сейілер.
Бөлісу: