София астаналық кітапханасында Қазақстан әдебиеті және мәдениеті орталығының ашылуы

20.12.2017 5306

     Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы 2016 жылдан бастап шетелдердің Ұлттық кітапханаларында  Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығын ашу халықаралық жобасын іске асыруда. Қазіргі кезде әлемнің 11 елінде: Корея, Қырғыстан Республикасы, Финляндия, Венгрия, Малайзия, Түркия, Қытай Халық Республикасы, Грузия, Францияда Орталықтар ашылып қызмет етіп жатыр.

         2017 жылдың 21 желтоқсанында София астаналық кітапханасында Қазақстан әдебиеті және мәдениеті орталығының ашылуы өтеді (София қаласы, Болгария мемлекеті).

     Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығының ашылуы София астаналық кітапханасының оқырмандарына қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, өнерімен жақын танысуға мүмкіндік береді. Бұл Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен оның экономика, саясат, әлеуметтік салалардағы табыстарын көпшілікке таныстыруға жол ашады.

    Орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, соның ішінде, Елбасының әлемдік саяси аренадағы орны мен рөліне арналған кітаптары, тарих, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеті бойынша кітаптар ұсынылады. Барлығы 200-ге жуық кітап тапсырылады. Бұл кітаптар Болгприя мемлекетінің оқырмандары арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, қазақтын бай мәдени мұрасын тануға  мүмкіндік берері сөзсіз.

      Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы 2016 жылдан бастап шетелдердің Ұлттық кітапханаларында Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығын ашу халықаралық жобасын іске асыруда. Қазіргі кезде әлемнің 13 елінде ашылып өз қызметін атқаруда. Бұл жолы Македония, Чехия және Болгария мемлекеттерінде ашылу көзделді.

      Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті  орталығы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Болгариядағы Дипломатилық миссиясының Елшілігінің ықпалдасуымен ашылады. 

Бөлісу: