БОЛГАРИЯНЫҢ АСТАНАСЫ СОФИЯ ҚАЛАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН ӘДЕБИЕТІ МЕН МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының 2016 жылдан бері әлем кітапханаларында 16-шы орталығы ашылып отыр. Оның алдында әлемнің 15 елінде: Кореяда, Қырғыстан Республикасында, Финляндияда, Венгрияда, Ресейде, Арменияда, Малайзияда, Түркияда, Қытай Халық Республикасында, Грузияда, Францияда, Жапонияда, Швецияда, Македония және Прагада Орталықтар ашылып қалың оқырманға қызмет көрсетуде.
Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті орталығы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Болгариядағы Елшілігінің ықпалдасуымен ашылуда.
Іс-шараға София қаласының астаналық кітапxанасының директоры Юлия Цинзова, болгарлық кітапxанашылар, оқырмандар, Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Дипломатиялық миссиясын орындаушы Елші Теміртай Избастин мырза және елшілік өкілдері мен Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапханасының қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында екі ел арасындағы мәдени, кітапxаналық байланыс орнатуға арналған Меморандумға қол қойылып, орталық алғашқы оқырмандарын да қабылдап бастады. Қазақстан әдебиеті мен мәдениет орталығының ашылуы София қаласындағы астаналық кітапхана оқырмандарына қазақ халқының салт-дәстүрі, мәдениеті, өнерімен жақын танысуға мүмкіндік береді.
Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен оның экономика, саясат, әлеуметтік салалардағы табыстарын көпшілікке таныстыруға жол ашады.
Орталықта Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, соның ішінде Елбасының әлемдік саяси аренадағы орны мен рөліне арналған кітаптары, тарих, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиеті бойынша кітаптар ұсынылды. Барлығы 200-ге жуық кітап тапсырылды. Бұл кітаптар болгар оқырмандары арасында үлкен қызығушылыққа ие болып, қазақтың бай мәдени мұрасын тануға мүмкіндік берері сөзсіз.
Айта кетелік, жобаның мақсаты - әлемнің ірі кітапxаналарында қазақстандық әдебиет пен мәдениеттің орталығын ашып, кітапxана саласындағы xалықаралық байланысты нығайту.
Бөлісу: