Сенсіз
01.07.2017
6317
Сенсіз маған жарық күнде қараңғы
Сенсіз ойлар басып тұрат санамды
Сенсіз жерде қуанышта жоқ мүлде
Сенсіз жерде жасқа малам жанарды
Сенсіз мынау жайдары жаз қыс маған
Сенсіз менің жаныма мұң қыстаған
Сенсіз көңіл айдынына қаз қонып
Сенсіз одан аққу құста ұшпаған
Сенсіз кмге айтамын мен сырымды
Сенсіз кімге арнап жазам сырымды
Сенсіз менің жан дүнием көңілсіз
Сенсіз қалай өткізбекпін күнімді
Сенсіз маған гүл көктемде кеш келет
Сенсіз жерде ойым онға бөлінсе
Сенсіз жерде жүрегімде бес бөлек
Сенсіз менің ет жүрегім езілген
Сенсіз мынау дүниеден безінгем
Сенсіз түнде саған арнап жыр жазып
Жазу үстел басында ман көз ілгем
Бөлісу: