«ШОЛПАН – УТРЕННЯЯ ЗВЕЗДА»

06.03.2018 5270

   Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында кеңестік, қазақстандық публицист, 300-ден астам ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы, сценарист. Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдар академиясының академигі – Ғаділбек Мінәжұлы Шалахметовтың «Шолпан – утренняя звезда» атты кітабының тұсаукесері болып өтті.

    Кезінде Қазақ телевизиясының құрылуы ел өміріндегі айтулы оқиғаның бірі болды. Бүгінде Қазақ телевизиясына да 68 жыл толып отыр.

    Осынау мерейлі оқиға қарсаңында белгілі қоғам қайраткері, телеарнан саласының майталман маманы Ғаділбек Шалахметовтың «Шолпан – утренняя звезда» атты кітабы жарық көрді. Онда автор телевизияның бастауында тұрған әріптестерінің еңбегін нақты деректерді келтіре отырып, баяндайды. Негізгі кейіпкер, кәсіби режиссер Шолпан Баймолдинаның өмір жолдарынан сыр шерте отырып, телеарна саласыныңның алғашқы қалыптасу кезеңдеріне кеңінен шолу жасаған.

  Тұсаукесерге прозаик, драматург, қоғам қайраткері, КСРО Жазушылар одағының мүшесі – Алтыншаш Қайыржанқызы Жағанова, Филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары Мектебі Ғылым Академиясының академигі – Намазалы Омашұлы Омашев, Жазушы Әміржан Әлпейісов, лингвист – Серік Сұлтанов сынды зиялы қауым өкілдері мен замандастары және әріптестері мен оқырмандары қатысты.

    Кітаптың тілі жеңіл, аса тартымды оқылады. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

   Шолпан Баймолдина – режиссер, телережиссура саласынан отандық танымал мамандардың бірі. Ленинград (Санкт-Пе-тербор) Мәдениет институтының режиссерлік курсын, Ленинград мемлекеттік театр, музыка, кино және телевидение институтының режиссерлік курсын сырттай бітірген. Өлкелік телерадио комитеті (Целиноград) режиссер, Қазақ теледидарының Құрдастар редакциясында режиссер, Жастар хабарлары редакциясында бас режиссер, Орталық теледидармен жұмыс жөніндегі бөлім режиссері (Мәскеу), әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясында бас режиссер, музыкалықбағдарламалар бас редакциясында бас режиссер, Қазақ теледидарының бас режиссер, «Таң» телеарнасында директордың орынбасары, ҚР Президентінің Телерадио-кешенінде бас маман-режссері, республикалық кітапханада (Астана) бас маман.

   Телеэкрандағы 40 жылдан астам мерзімде «Пай-пай, жиырма бес», «Мың да бір рахмет», «Айгөлек», «Бәрін білгім келеді (ББК)», «Ерден атаның ертегілері», «Сенің кітап сөреңде», «РОМБ», «Көгілдір от», «Что можем, что умеем», «Агрегат № 13», «Ньютон алмасы», «Алтыбақан», «Молодежная суббота», «Ровно 21.00», «Ғасырлар үні» және әдеби-музыкалық «Сұхбат», «Шұғыла», «Айтыс», «Қымызхана», «Тамаша» т.б. көптеген телехабарларынын режиссері.

   Ұлы Отан соғысының 40 жылдығына арналған 40 сериялы бейнефильмнің 6 (алты) сериясына режиссер болды. Тәуелсіздік тұсында өмірге келген 15 сериялы «Ғұмыр дария» деректі фильмінің  режиссер. Көптеген халықаралық музыкалық фестивальдардың Токио (Жапония), Милан (Италия), Индиа-наполис (АҚШ) жюри мүшесі әрі ұйымдастырушысы.

Бөлісу: