КӨРГЕНІМДІ АЙТАМЫН: АЛУАН ТҮРЛІ АҚТӨБЕ
04.05.2018
4353
КӨРГЕНІМДІ АЙТАМЫН: АЛУАН ТҮРЛІ АҚТӨБЕ
Тамыз айының басында оңтүстіктен Ақтөбеге жол түсті. Ақтөбе – Қазақстанның оңтүстігінен мұнай мен газға бай Батыс Қазақстан өңіріне, сол сияқты Ресейдің Орал аймағына шығатын қақпа. Кез-келген затқа химиялық жолмен жағып, сылап жіберсең, біріншіден, тот пен тозудан сақтайтын, екіншіден, көздің жауын алатындай жарқыратып сән беретін хром мен никельдің бай кені де осы өлкеде. Бұлар – машина жасау саласында, үйдегі жалт-жұлт еткен тұрмыстық техникада, жиһаздарда молынан қолданылатын қымбат металлдар. Шикізат күйінде шетел асып жатыр.
Бөлісу: